jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Танымал отандық актерлар қыздарымен бірге киноға түсті

    : UGC

    Елімізде танымал актерлар жұбы Данагүл Темірсұлтанова мен Азат Сейітметов жақында туған қыздарымен бірге фильмге түсті. Өнерлі отбасы NUR.KZ журналистіне арнайы сұхбат берді.

    Фото: Instagram
    Фото: Instagram: UGC

    Наурыз айынан бастап көрсетілімін бастаған отандық жаңа фильмде Сейітметовтер отбасы бой көрсетеді. Танымал ата-ана енді өнер жолына туған қыздары Айым Сейітметовамен бірге шығып жүр. Актриса ретінде енді ғана танылған Айым өнерде ата-анасының жолын қумақшы.

    Данагүл Темірсұлтанованың айтуынша қыздарын өнерден аулақ ұстағысы келген. Айымнан үлкен Айша да мектеп бітірген кезінде актриса болуды қалаған, бірақ ата-анасы қарсы болып, заңгер мамандығына түскен. Ал, Айым болса осы жолды таңдаған.

    Фото: Instagram
    Фото: Instagram: UGC

    «Айымға мектеп кезінен бастап көптеген кастингтерге ұсыныс келетін. Мен оны жібермеуге тырысатынмын. Алдымен оқуынды бітіріп ал дедім. Т.Жүргенов атындағы оқу орнына түскен соң, бірінші курста алғашқы киносына түсті», - дейді.

    Фото: Instagram
    Фото: Instagram: UGC

    Отбасымен бірге алғашқы рет киноға түскен Сейітметовтер түсірілім барысында болған қызықты оқиғаларымен бөлісті. Данагүл ханым өзінің қызына өте қатал екенін де жасырмады, айтуынша өнер жолына енді қадам басқан Айымды ешқандай режиссерға өзі ұсынбаған.

    «Мен қызымды осы уақытқа дейін киноға түсірші деп ешкімге айтпағанмын. Әкесі де солай. Әрине, ата-анасы осындай танымал қыздың өнерге келуі көп өсек-әңгімеге әкеледі», - деді.

    Фото: Instagram
    Фото: Instagram: UGC

    Сонымен қатар Данагүл ханым кезінде Әли Оқаповтың сахнаға алғаш шыққан кезін есіне алды.

    «Мен кезінде Әли сахнаға шыққан кезде Розаны қатты уайымдағанмын, себебі осындай атақты ананың баласына қиын болатынын білдім. Қазір Айым да солай. Бірақ біз жаман әңгімелерге жол бермеуге тырысамыз», - деп сөзін аяқтады.

    Ескерту! Материал ҚР құқықтық заңнамасымен қорғалған. Мақаланы тарату, көшіріп басы немесе өзге де мақсаттарға пайдалануға қатаң тыйым салынады!

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.