Бақытбек Есентаевтың жас кезіндегі суретін көрген жұрт оны Айарудан айыра алмай қалды (фото)
Опубликовано:
Нағима Есентаева бірнеше жылға сотталып кеткен ағасы Бақытбек Есентаев жайлы естеліктерімен бөлісті деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл жайында Баян Алагөзованың бұрынғы қайынсіңілісі Instagram парақшасында бөлісті.
"Бүгін осындай фото тауып алдым. Осы суреттерге қарап отырсам, Айару папасынан аумай қалған екен. Ол да көп күлмейді. Ағам да солай. Суретте күлмегенімен, өмірде өте қылжақбас, ақ көңіл, кішіпейіл жан. Бауыр деген бір әлем. Бауырларымыздың амандығы тілейік. Өткен-кеткенді ойға түсіріп, бір жылап алдым", - деген Есентаева ағасын сағынып жүргенін айтты.

Ал желі қолданушылары Есентаева ағасымен аман-есен көрісетін күннің тезірек келуін тіледі. "Аман-есен шығуына тілектеспін", "Мезгілінен бұрын босап шығуына тілектеспін", "Расымен, Айарудың мұрны әкесіне ұқсап қалған" деп жазды оқырмандар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1726318-bakytbek-esentaevty-zas-kezindegi-suretin-krgen-zrt-ony-ajarudan-ajyra-almaj-kaldy-foto/