Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сүйген қызы алты жыл бойы аяусыз азаптаған жігіт жанайқайын жеткізді (фото)

Опубликовано:

Сүйген қызының аяусыз азаптағанына көніп жүре берген 22 жастағы Алекс Стил өзінің тозаққа айналған өмірі туралы айтып берді. Ол 2012 жылы колледжде танысқан қызымен бірге тұрып, алты жыл ішінде көрмегенді көргенін жасырмады деп хабарлайды Life.ru басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Сүйген қызы алты жыл бойы аяусыз азаптағанын айтқан жігіт жанайқайын жеткізді
Фото: Life.ru: UGC

Екеуі танысқан күннен бастап Джордан Уорд оған бірге тұруды ұсынған.

Айтуынша, қарым-қатынастың басында Джордан оған бақылау жасай бастаған, киім, тамақ сияқты заттарды өзі таңдаған. Махаббаттан көзі көрмей қалған Алекс бұның барлығын қамқорлық пен махаббат деп түсінген.

Сосын Уорд күш қолдануды бастайды, тіпті жігітті ыстық сумен күйдіруге дейін барған.

Сүйген қызы алты жыл бойы аяусыз азаптағанын айтқан жігіт жанайқайын айтты (фото)
Сүйген қызы алты жыл бойы аяусыз азаптағанын айтқан жігіт жанайқайын айтты (фото): UGC

Алекс сүйіктісінің алғашында жай ғана бетінен шапалақпен ұрғанын, сосын тағы күш көрсете бастағанын айтты.

«Оның алғашқы қаруы бөтелке болатын. Бірақ мен оның қолынан ауыр заттарды жұлып алған сәтте, ол көзіне бірінші болып түскен нәрсеге жүгіретін. Мәселен: пышақ, қайшы, балға сияқты. Бірде ол мені ыстық сумен күйдірді. Мен саусақтарымды кесіп тастайтын шығармын деп ойладым», - деді Алекс.
Сүйген қызы алты жыл бойы аяусыз азаптағанын айтқан жігіт жанайқайын айтты (фото)
Сүйген қызы алты жыл бойы аяусыз азаптағанын айтқан жігіт жанайқайын айтты (фото): UGC

Қыз Алекске дәрігерге қаралуға жол бермепті. Тіпті оны қоғамнан бөлек өмір сүруге мәжбүрлеп, ата-анасымен аптасына бірнеше рет қана сөйлесуге рұқсат береді.

Алекстің ата-анасы жастардың қарым-қатынасына күдікпен қараған, дегенмен істің зорлық-зомбылыққа дейін жететінін ойламаған.

Бейшара баланы бірде көршілері құтқарып қалыпты: үйден жігіттің қиналған дауысын естіген олар жедел жәрдем щақырады. Бұл жолы да Уорд жігітті ыстық сумен күйдірген, жігіттің ауыр жарақатын көрген дәрігерлер полиция шақырған.

Қазір Джордан Уорд қамауда отыр, ол жеті жыл бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, оған өмірінің соңына дейін Алекске жақындауға тыйым салынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1727812-sjgen-kyzy-alty-zyl-bojy-aausyz-azaptagan-zigit-zanajkajyn-zetkizdi-foto/

pixel