Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айсәуле Бақытбек: Әкемді кінәламаймын

Опубликовано:

Gakku TV арнасының "Если честно" атты бағдарламасын жүргізетін Тимур Балымбетов Айсәуле Бақытбектен бірнеше жыл бұрын анасына тап берген әкесі туралы сұрады деп хабарлайды NUR.KZ.

Айсәуле Бақытбек әкесімен. Фото: Instagram
Айсәуле Бақытбек әкесімен. Фото: Instagram: UGC

"Бұл қорқынышты жағдайда басты рөл саған түскені таң қаларлық. Сен сол жерде болып, анаңды құтқардың. Бұл жайтқа қатысты біреумен сырласып, біреуден қолдау алып көрдің бе?", - деп сұрады Тимур.

Айсәуле бастапқыда ешкіммен сөйлесетіндей күйде болмағанын алға тартты. Алайда ол бұл жайттың да оң тұстары болғанын айтуда.

"Бұл жағдай болмағанда, бұлай тез есеймеген болар едім. Содан кейін отбасылық кешкі астың қаншалықты құнды екенін түсіне бастадым... Бұл жағдай отбасыммен өткізген әрбір секундты, минутты бағалауға үйретті", - дейді бойжеткен.

Айсәулеге қайғылы жағдайдан кейін отбасы, достары және сүйіктісі қолғабыс еткен. Бойжеткен бұл жағдайға анасын кінәламайтынын жеткізді.

"Мен анамды ешуақытта кінәламаймын. Адамдар өз жүрегін тыңдағаны дұрыс деп білемін. Сонымен қатар әкемді де кінәламаймын. Себебі, оның өзіне есеп беретіндей күйде болмағанын түсінемін.

Менің балалық шағым өте бақытты болды. Отбасымда ешуақытта тұрмыстық зорлық-зомбылық болған емес, тіпті ата-анам бір-біріне дауыс көтермейтін. Ата-анамды жақсы көремін", - деп ағынан жарылды ару.

Еске салсақ, 2016 жылдың 10 маусымында Баян Есентаеваға күйеуі тап беріп, пышақ жарақатын салған болатын. Үлкен қызы Айсәуле оларға араша түсіп, анасын құтқарып қалады.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1728099-ajsule-bakytbek-kemdi-kinlamajmyn/

pixel