Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал актер төсекте жартылай жалаңаш жатып, жарнама жасайтын аруларға күйінді

Опубликовано:

Белгілі актер Дәулет Бижанов қазіргі қоғамда орын алып жатқан өзекті мәселелерге байланысты пікір білдірді деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Дәулет Бижанов. Фото: NUR.KZ.
Дәулет Бижанов. Фото: NUR.KZ.: UGC

Тележүргізуші бір жыныстылар көбейген заманда, оларды насихаттауға қарсы.

"Өзі халқымыз аз-ақ. Оның ішіне іріткі салып, жаманын жарнамалап әлекке түсудеміз. Халық онсыз да олардың барын біледі. Бірақ өсіп келе жатқан ұрпақ барда оларды насихаттауды доғару керек деп есептеймін. Әрине қыз секілді жігіттер Кеңес уақытында да болды. Алайда олар жайлы ашық айтылмады ғой. Ал қазір оларды барлық жерден жарнамалауға көшті. Сәті түскенде бір мәжіліс депутатынан осы төңірегінде сұраған болатынмын. Бірақ, мардымды жауап ала алмадым. Мұның бәріне себепкер болып отырған әлеуметтік желі ғой. Сондықтан балалардың әлеуметтік желіге тіркелуіне шектеу қоюды қолға алған дұрыс сияқты", - дейді Бижанов.

Сондай-ақ ол жартылай жалаңаштанған арулар мен бір-бірінің басын жарған бұзақыларды, бір жыныстылардың жарнамасын үнемі көрген жеткіншектің сол істі қайталайтынына сенімді.

"Рухани жаңғыру" дегенді тереңінен қарасақ, бұл елге керек бағдарлама. Осы арқылы жастарымыздың бойына қажетті дүниені сіңіре аламыз. Ал төсекте жартылай жалаңаш отырып, сушиді жарнамалайтын бойжеткендерде еліктеген еліміздің болашағына мен алаңдаймын. Тіпті, қатты қорқамын десем де болады. Сарығаштағы баланың зорлануы мен 13 жасар қыздың нәрестелі болу мені шошытады. Жастарымыздың бағытын өзгерту керек. Телеарна түгілі, Youtube парақшасының өзі тәрбие құралы. Сондықтан, өзім білемге салынбай парақшаға да, бағдарламаға да жауапкершілікпен қарайық. Себебі, біздің артымыздан ерген ұрпақ бар. Бірнәрсені қырып жіберген адам секілді пікір білдіргеніме кешірім сұраймын. Бірақ бұл менің айналамдағы оқиғалардан түйген ойларым ғой", - деп сөзін аяқтады Бижанов.

Сұхбат өткізуге арнайы орын ұсынған "Оджахури" әкімшілігіне рахметімізді айтамыз!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1728966-tanymal-akter-tsekte-zartylaj-zalaas-zatyp-zarnama-zasajtyn-arularga-kjindi/

pixel