Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық әнші клипінің тұсаукесер тойында мас болып қалды (фото)

Опубликовано:

Күні кеше Луина өзінің «Hey Yo» атты әніне түсірілген су жаңа бейнебаянының тұсаукесерін өткізді. Алматының орталығында дүркіреп өткен мерекелік кешке NUR.KZ журналисі арнайы барып келді.

Өзінің продюссерімен ара-қатынасын үзген Луина онымен ары қарай жұмыс жалғастырудан бас тартқан болатын. Енді әнші өзіне өзі қожа, жұмысын продюссерсіз-ақ іске асыруға барынша тырысып жүр.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

3 мамыр күні Алматының орталығындағы мейрамханалардың бірінде әнші «Hey Yo» атты әніне түсірілген жаңа бейнебаянының тұсаукесерін өткізді. Өзінің алғашқы жеке жұмысын паш етпек болған Луина мерекелік кешті басынан аяғына дейін ойластырып дайындалғаны байқалды.

Әншінің су жаңа бейнебаянымен арнайы құттықтауға өнердегі әріптестері мен жақын достары келді. Мереке иесі өз кезегінде, қуанышына ортақтасып келген көпшілікке асқан жомарттық танытты. Сыйлы қонақтарына қонақжайлығын барынша көрсеткісі келген әнші олардың алдына кальян мен түрлі ішімдіктерді қаптатып қойған.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Мерекелік шара кезінде болған шоу бағдарламаларда түрлі сый-сыяпаттар да ойнатылған.

Кеш барысында Луина жеке ән кешін өткізді. Кеш жүргізушісі әншіні ортаға жанды дауыста ән айтуға шақырған кезде, ол алдымен ішімдік ішіп алуы керектігін айтты.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Концерт барысында әнші «Мен мас болып қалған сияқтымын», - деп масайып қалғанын мойындады. Оған қоса, бейнебаянының тұсаукесеріне қатты қуанған Луина жұлдызды қонақтарына көңіл көтеруді ұсынған. «Достар, ішейік, көңіл көтерейік, билейік», - деп әнші барынша көңілді жүруге тырысты.

Мерекелік кешке еліміздің көптеген танымал жұлдыздары қатысты. Тұсаукесер көңілді би кешімен аяқталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1730263-otandyk-nsi-klipini-tsaukeser-tojynda-mas-bolyp-kaldy-foto/

pixel