Отандық танымал әртіс екінші некедегі әйелінен ұлды болды
Опубликовано:
Танымал отандық актер әрі тележүргізуші Рахман Омардың келіншегі Ақмарал Дайрабаева шекесі торсықтай ұл баланы өмірге алып келді деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл қуанышты жаңалықты Ақмаралдың жақын құрбысы Instagram парақшасында жариялады.
"Бүгін ақ түйенің қарны жарылған күн. Ахмашымыз Рахман ағама аман-есен ұл сыйлаған күн. Бауы берік болып, бір Аллам жар болсын. Құтты болсын", - деп жазды Айман Нұразхан.
Айта кетейік, Рахман Омар мен жары Ақмаралдың жаңа туылған сәбиден бөлек бір ұл, бір қызы бар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1731032-otandyk-tanymal-rtis-ekinsi-nekedegi-jelinen-ldy-boldy/