Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қалаулымдағы" атышулы Жанеркенің ғашығы басқа қызға үйленетін болды (фото)

Опубликовано:

"Қалаулымдағы" Жанерке Елшіннің бұрынғы ғашығы Мәди Рахымбай өзге арумен шаңырақ көтеретін болды. Жанеркеден соң Сымбат есімді арумен кездесіп, ажыраған жігіт жаңа сүйіктісі жайлы өзі айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Мәди Рахымбай. Фото: Instagram
Мәди Рахымбай. Фото: Instagram: UGC

Мәди қуанышты жаңалығымен Instagram парақшасында бөлісті.

"Көптен күткен өмірлік жарымды кездестірдім. Сіздермен осы қуанышымды бөліскім келіп отыр. Алла қаласа тойдың ауылы алыс емес", - деп жазды ол.

juldyz-alem.kz сайтының мәліметінше, Мәди: " Көкшетаудың бөктерінде, Бурабайдың төрінде, кезінде Абылай xан бабамыз үш жүздің басын қосқан жерінде, менде Ұлы жүзбен Кіші жүздің басын қосып, құда түсіп, сырға салып қайтқан қуанышыммен бөліскім келеді. Тойдың ауылы алыс емес.” – деп жазба қалдырған.

Айта кетейік, желі қолданушыларының бірі Мәдиге бақыт тілесе, бірі алты ай бойы бақытын "Қалаулымнан" іздеген жігітті сөгіп тастады. Осыдан біраз уақыт бұрын Мәди Рахымбай мен Жанерке Елшіннің шаңырақ көтеруіне ата-аналары қарсы болған еді.

Жанерке. Фото: NUR.KZ
Жанерке. Фото: NUR.KZ: UGC

Жанерке. Фото: NUR.KZ
Жанерке. Фото: NUR.KZ: UGC

Жанерке. Фото: NUR.KZ
Жанерке. Фото: NUR.KZ: UGC

Жанерке. Фото: NUR.KZ
Жанерке. Фото: NUR.KZ: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1731201-kalaulymdagy-atysuly-zanerkeni-gasygy-baska-kyzga-jlenetin-boldy-foto/

pixel