Жайдарманшы қызға үйленген бозбала: Қайраттың әйелі сияқты хит болдым (фото)
Опубликовано:
Осыдан бірнеше күн бұрын әзілкеш Мереке Бауыржанқызы өзінен бірнеше жас кіші жігітке тұрмысқа шыққан болатын. Жайдарманшының 20 жастағы жігіті өз тойының бұлай танымал болып кететінін ойламағанын айтып, желіде жазба қалдырды деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл жайында Арсен Акиев Instagram парақшасында жазды.
"Қайрат Нұртастың әйелі ұқсап xит боп бара жатырм ба? Бұлай шулап кетеді деп ойламадым", - деді әзілкеш.

Ал желі қолданушылары бұл әзілді орынды қабылдап, "Қайрат Нұртас жолда қалып қойды", "Оның тойы бұлай хит болмады", "Хит болу үшін үйлендің бе?","Әйелің жұлдыз болса осы", - деп жарыса жазды.

Айта кетейік, бұған дейін "Тек қана қыздар" командасының капитаны Мерекенің өзінен бірнеше жас кіші жігітке тұрмысқа шыққанын жариялаған болатынбыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1731843-zajdarmansy-kyzga-jlengen-bozbala-kajratty-jeli-siakty-hit-boldym-foto/