Алтынбек Қоразбаевқа өнер адамдары жаппай қарсы шықты
Жарияланған күні:
Алтынбек Қоразбаевтың қазақстандық композиторларға деген өкпесі қара қазандай. NUR.KZ тілшісіне сұхбат берген Халық әртісі, әнін сатып, қалтасын қалыңдатқан сазгерлердің әрекетін қылмысқа балап отыр.
«Мен әнді сату – өзіңнің денеңнен шыққан балаңды сату» - деп айтамын. Ол өте дұрыс емес нәрсе. Мен бір әнімді ешқашан сатып көрген емеспін. Мен керісінше осы әнімді айт деп, әншінің өзіне ақша беруім мүмкін», - дейді Алтынбек Қоразбаев.
Алайда, Алтынбектің бұл сөзіне наразылық танытқан танымалдар да табылды. Сазгерлердің еңбегін бағаламаған Қоразбаевқа Қайрат Нұртастың анасы қарама-қарсы пікір білдірді.
«Жоқ, әнін сатпау керек деген орынсыз пікір. Ол сазгердің тамағы жоқ па, оның бала-шағасы жоқ па? Оның еңбегі бағалануы керек қой. Оны біз құрметтеп, сатып алуымыз керек. Сол кезде ғана әрбір істің мәні болады. Сондықтан да әр нәрсенің бағасы бар. Бағалай білуіміз керек.
Ал сазгерлердің барлығы жазып-жазып бере беретін болса, оның қандай қадірі бар? Қадірі қалмайды. Өте дұрыс. Оларда көркейгісі келеді. Үкіметтегілер, сен мынаған тегін беріпсің ғой, мен саған да тегін берейін деп айтпайды. Әркім еңбектенсе ғана табыс табады. Әнін сату керек», - дейді Гүлзира Айдарбекова.
Марат Омаров өзге елдің әуендеріне жиендік жасаған отандық әншілер, қазақ сазгерлерінің туындыларын насихаттаса да дейді. Өйткені, композитордың өзі де әнін сатып, арнайы қаламақы алатын сәттері болатынын жасырмайды.
«Қазіргі шет елден ұрлап жатқан әндерді орындайтын әншілердің қылығы, біздің ұлттық намысымызға тиеді. Шет елдік әндердің қажеті жоқ. Одан да қазақ сазгерлерінің әнін сатып алсын. Қазіргі композиторлар заманауи әндерін сатып жатса, оған ешқандай қарсылығым жоқ. Шығыс шықса, кіріс болады. Берекелі ырыс болады», - дейді Марат Омаров.
Алтынбек Қоразбаевтың сөзін, Нүржан Керменбаев та құптамайды. Қара бала көпшілікке орындаушы ретінде жақсы танылғанымен, оның сазгерлігінен туындаған әндері қалтасына қалыңдатып отырған көрінеді.
«Ол күнкөріс қой. Ол сазгердің өзін-өзі бағаламауы деп ойлаймын. Өзінің өнеріне немқұрайлы қарау. Мысалы, мені көбісі білмейді. Композитор ретінде 10-15 әнім бар. Соның өзінен біздерге авторлық құқықтан ақша түсіп тұрады. Оны жасырмаймын. Қанша түсетінін айтпай-ақ қойяйын. Композиторлар сол үшін, яғни табыс үшін де ән жазады. Қаламақы – табыс көзі», - дейді Нұржан Керменбаев.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1732318-altynbek-korazbaevka-ner-adamdary-zappaj-karsy-sykty/
Жарияланымға реакцияңыз?
Соңғы пікірлер
Барлық пікір саны: 9
Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.
Əндерін тегін берсе,ақындардың отбасыларын кім асырайды.Жұмыс жасап жалақы алмасаң қалай болады.Қымбатшылық жайлаған заманда тегін зат бар ма?Тек қана ауа тегін.
мажит
Əндерін тегін берсе,ақындардың отбасыларын кім асырайды.Жұмыс жасап жалақы алмасаң қалай болады.Қымбатшылық жайлаған заманда тегін зат бар ма?Тек қана ауа тегін.
мажит
Əндерін тегін берсе,ақындардың отбасыларын кім асырайды.Жұмыс жасап жалақы алмасаң қалай болады.Қымбатшылық жайлаған заманда тегін зат бар ма?Тек қана ауа тегін.
мажит
Əндерін тегін берсе,ақындардың отбасыларын кім асырайды.Жұмыс жасап жалақы алмасаң қалай болады.Қымбатшылық жайлаған заманда тегін зат бар ма?Тек қана ауа тегін.
Южный1
Шәмші аға туындыларын сатты ма? Сатқан жоқ. Сол сияқты Алтынбек аға да сатпайтындығын айтып отыр. Оныкі дұрыс. Алтынбек ағаны купи-продай Айдарбековамен, орындаушы Керменбаевпен және олардан басқа да орындаушылармен салыстырмаңыздар, Салыстыруға келмейді. Алтынбек ағаның көлеңкесінде олардын ешқайсысын күндіз шаммен іздеп таппай қаласыздар.
Нурдау
Алтынбек ағамыз дұрыс айтып отыр. Ол кісілердікі табиғи ғой. Саудаласуға болмайды. Силық ретінде берсін ақысын...
Ягуар
Алтынбек Қоразбаев ағамыз дұрыс айтып отыр! Қазіргі компьютер заманында музыка жазу оңай! Музыка ұрлығы да көп! Егер ақша төлемесе , «компьютерный композитор--ұры композитор» жоғалар еді!
Ақтау
композитордың отбасын, жүріп-тұруын сен мойныңа аласыңба? алтынбек ағамыз ақшаны қайдан алып отыр екен?
Южный1
Алтынбек аға дұрыс айтып отыр.
мажит