Үйлену тойына ақша жинағысы келген шымкенттік әнші электрик болып кетті (фото)
Опубликовано:
"Қара қызым" ден ән айтып танылған Асан Пердешов өнерін тастап, электрик болып кеткен. Бұл жаңалығы жайында әншінің өзі Instagram парақшасында бөлісті деп жазады NUR.KZ.

Желі қолданушылары Пердешовтың бұл сөзін әзілге балған. Ал кейбірі жаңа бейнебаян түсіріп жатыр деп ойлағанын жасырмады.
"Әншілер қауымы Рамазан айында тойдан демалып, жиған-терген ақшасын жұмсап жүреді бір ай бойы. Мен"Енді үйленуге ақша жинауым керек" деп демалмай электрик болып жұмысқа тұрып алдым. Жарықтарыңыз жанып тұр ма? Болмаса телефон қолда, хабарласыңыздар", - деді әнші.
Ал желі қолданушылары хабарласуын сұрап, өз нөмерін қалдырмаған әншіге реніш білдірді. Тіпті қағытпа әзіл айтып, Пердешовтің ісін күлкіге айналдырды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1732478-jlenu-tojyna-aksa-zinagysy-kelgen-symkenttik-nsi-elektrik-bolyp-ketti-foto/