Ораза айында отандық жұлдыздар қалай өзгерді?
Жарияланған күні:
Рамазан айы келісімен отандық танымал жұлдыздар желідегі оқырмандарын қасиетті аймен құттықтау үстінде. Ал жұлдыздар ораза айында қалай өзгерді? NUR.KZ порталы оқырмандары үшін арнайы шолу жасады.
Қайрат Нұртас жұбайы Жұлдызбен
Рамазан айының алғашқы күнінен бастап мешітке жиі барып жүрген әнші оқырмандарын осындай суретпен қуантты.
Алтынай Жорабаева
Елдің сүйіктісіне айнала білген Алтынай Жорабаева, Айнұр Тұрсынбаева және Қарақат та ұзын көйлек киіп, елдің сүйіспеншілігіне бөленді.
Ақбота Сейітмағамбет
Ақбота орамал таққан суретін желіге жүктеп, оқырмандарын Рамазан айымен құттықтады.
Жанар Айжанова
Әнші әрі актриса желіде оқырмандарына оразаның қабыл болуын тілеп жазды.
Баян Нұрмышева
Баян Нұрмышева ауызашар кезіндегі суретін жүктеді.
Мирас пен Құралай
Көптің көңілінен шығып, үлгі тұтарлық отбасына айналған өнерлі отбасы Мирас пен Құралай да ораза айын ұмыт қалдырмаған.
Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1734629-oraza-ajynda-otandyk-zldyzdar-kalaj-zgerdi/