"BN" тобы мен әнші Шоқан Уәлихан Хайнаньда бейнеклип түсірді (фото)
Опубликовано:
Жақында ғана Артур & Райыммен "Лучший" әніне бейнебаян түсірген "BN" тобы тағы да дуэт жазды. Бұл жолы Шоқан Уәлиханмен бірге орындаған су жаңа әнге Хайнаньда клип түсірді деп хабарлайды NUR.KZ.

Бір продюсерлікте ән айтатын екі жоба дуэтті алдын ала жоспарлаған. Тіпті бейнебаян түсіріп те үлгерген.
"Бір апта көлемінде аралдың ең керемет жерлерінде түсіруге тырыстық. Күн өте ыстық. Соған қарамастан жұмысты тоқтатқан жоқпыз. Тіпті демалып та үлгердік. Ал бейнеклип барысында бізге сол жақтағы қандастарымыздың көп көмегі тиді. Ерекше алғыс айтамыз", - дейді режиссер Шыңғысхан Тәжікеев.

Естеріңізге сала кетейік, бұл топ құрамы ауысқалы түсірілген екінші бейнебаян.
Айта кетейік, "Лучший" туындысы ютуб желісінде 9 күннің ішінде миллион көрсетілімнен асқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1735728-bn-toby-men-nsi-sokan-ulihan-hajnanda-bejneklip-tsirdi-foto/