Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күлкі сыйлаудан шаршадым: Шімән апаның өнерден кететіні рас па?

Опубликовано:

30 жастағы Шімән апа көпшілікке күлкі сыйлаудан шаршаған. "Халық халтураны қабылдай алмайды" деген әзілкеш бағдарлама жүргізушісі болуға шешім қабылдаған деп хабарлайды "Хит-ТВ" арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ерболат Төлеген. Фото: Фильмы и сериалы в Tas-ix
Ерболат Төлеген. Фото: Фильмы и сериалы в Tas-ix: UGC

Шімән апа атымен танымал болған Ерболат Төлегеннің бұлай өзгеруіне 40 минуттық телебағдарлама себеп болған.

"Жаңа жоба табиғаттың аясында болады. Көп қалжыңдап әңгіме айту жоқ. Мен күлкі сыйлаудан шаршадым. Талап тым жоғары. Халтураны қабыл алмайды. Бір жағынан қуанам. Менің өміріме қатты әсер етті", - деді әзілкеш.

Айта кетейік, Шімән апа жақында ғана "Ырымдар" атты әніне су жаңа бейнебаян түсіретіні жайлы да мәлімдеген болатын.

Ал әзілкеш өнер саласын тастап, жүргізушілікке бет бұрады ма? Немесе екеуін қатар алып жүреді ме, ол жағы әзірге белгісіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1735880-klki-syjlaudan-sarsadym-simn-apany-nerden-ketetini-ras-pa/

pixel