jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    Танымал әндерді қазақ тілінде тамылжыта орындаған шетелдік жұлдыздар көпті таң қалдырды (фото)

    : UGC

    Кеше елордада "Voice of Astana" халықаралық ән байқауы өз жұмысын бастады. Оған әлемнің 20-ға жуық елінің өнерпаздары қатысуда. Байқаудың алғашқы күні Астана жайлы әндерді қазақша орындаған олар көптің ыстық ықыласына бөленді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

    Фото: NUR.KZ
    Фото: NUR.KZ: UGC

    Байқауға қатысушылардың ішінде әсіресе Болгар елінен келген әнші Никола Чочевтің "Астана" әні көптің көңілінен шықты. Ән додасында ол "Формат" тобының танымал хитін орындаған еді.

    Фото: NUR.KZ
    Фото: NUR.KZ: UGC

    Сол сияқты сонау Ұлыбритания елінен келген "Goldstone" тобының орындауындағы "Сен Астана" әні де көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Күні кеше ғана "Евровидение" ән байқауына қатысқан бойжеткендер енді міне Астанада өз бақтарын сынамақ екен. Бір қызығы топ мүшелері қазақша әнді мүдірмей, жоғары деңгейде орындап шықты.

    Фото: NUR.KZ
    Фото: NUR.KZ: UGC

    Байқауға Қытай елінен келген қатысушы Лин Баода "Астанаға арнау" әнін жоғары деңгейде орындап шықты. Айта кетерлігі, аспан асты елінен келген әнші бұған дейін де қазақ әндерін бірнеше рет қазақ тілінде шырқапты.

    Фото: NUR.KZ
    Фото: NUR.KZ: UGC

    Ал, ресейлік жұлдыз Элеонора Носованың орындауындағы "Астана" әні әзірге 66 ұпаймен көш бастап тұр.

    Фото: NUR.KZ
    Фото: NUR.KZ: UGC

    Сонымен бірге байқаудың бірінші күні Украина, Әзірбайжан, Моңғолия елдерінен келген әншілер де қазақ әндерін шебер орындаумен көзге түсті.

    Фото: NUR.KZ
    Фото: NUR.KZ: UGC

    Еске сала кетейік, аталмыш байқау биыл алғаш рет Астананың 20 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. 500-ге жуық үміткердің арасынан таңдалып алынған 20 қатысушы байқаудың бірінші күні Астана жайлы әндерді шырқады. Ән додасының қорытындысы бүгін кешке белгілі болмақ. Байқауда Қазақстан намысын Бердібек Құлғараев қорғауда.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.