Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Star of Asia" музыка фестиваліне келген жұлдыздар қалай жарқырады?

Опубликовано:

Алматы қаласында "Star of Asia" халықаралық музыка фестивалі өтті. Фестивалдің керемет ерекшелігі - оған әлемнің түкпір-түкпірінен халықаралық деңгейде аты мәлім әншілер келді. NUR.KZ порталы назарларыңызға әсерлі кештің суреттерін ұсынады.

"Медеу" мұз айдынында өткен фестивальге әлемге әйгілі Arash, ресейлік "Серебро" тобы, кореялық "Astro" тобы, АҚШ-тан Anastacia, Әзірбайжаннан Диляра Кязимова, қырғызстандық Жийдеш келіп, өздерінің xит әндерін орындады.

Әнші Arash. Фото: NUR.KZ
Әнші Arash. Фото: NUR.KZ: UGC

Әсерлі фестивалге келген қонақ - танымал Араш өзінің әлемге әйгілі хит әндерін орындап, дүйім жұртты таңдандырды.

Нұрболат Абдуллин. Фото: NUR.KZ
Нұрболат Абдуллин. Фото: NUR.KZ: UGC

Фестивалдің екінші күнінде қазақстандық әншілер - Кәмшат Жолдыбаева, Ерке Есмахан, Нұрболат Абдуллин де өз өнерлерін көрсетті.

Кәмшат Жолдыбаева бишілерімен. Фото: NUR.KZ
Кәмшат Жолдыбаева бишілерімен. Фото: NUR.KZ: UGC
"Қазақстанға келгеніме қуаныштымын. Алматы, шынымен де, таңғажайып қала",- деп айтты Араш.

Тікелей эфир форматында өткен фестивальді әлемнің 118 мемлекеті тамашалады.

Нұрсұлтан Есжан мен Кәмшат Жолдыбаева. Фото: NUR.KZ
Нұрсұлтан Есжан мен Кәмшат Жолдыбаева. Фото: NUR.KZ: UGC

АҚШ-тан келген арнайы қонақ Anastacia болса Қазақстанға екінші рет келіп тұр екен. Сонымен қатар, ол ақпан айында "Медеу" мұз айдынында конькимен сырғанағанын жасырмады.

АҚШ-тан келген арнайы қонақ - Anastacia. Фото: NUR.KZ
АҚШ-тан келген арнайы қонақ - Anastacia. Фото: NUR.KZ: UGC

ASTRO тобы Қазақстанға бірінші рет келген көрінеді. Топтың атауы бар жазуды ұстап алған жанкүйерлер өздерінің қуаныштарын жасыра алмады.

Оңтүстік Кореядан келген арнайы қонақ - "ASTRO" тобы. Фото: NUR.KZ
Оңтүстік Кореядан келген арнайы қонақ - "ASTRO" тобы. Фото: NUR.KZ: UGC

Ресейден келген "Серебро" тобының қыздары Қазақстан өте керемет ел екендерін жеткізді.

"Қазақтың ұлттық тағам түрлерінен дәм татпадық, бірақ қазақтың шоколады керемет екен. Біз үшін Қазақстан отанымыздай, себебі топтағы Анастасияның анасы осы елде туған, өзі де Ақтөбе өңірінің тумасы",- деді "Серебро" тобының мүшелері.
Ресейден келген арнайы қонақ - "Серебро" тобы. Фото: NUR.KZ
Ресейден келген арнайы қонақ - "Серебро" тобы. Фото: NUR.KZ: UGC

Ресейлік әншілер жанкүйерлердің дәптерлеріне қолтаңба қалдырып, оларды бір қуантып қойды.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Қызықты жаңалығыңыз бола, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: 8 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1737715-star-asia-muzyka-festivaline-kelgen-zldyzdar-kalaj-zarkyrady/

pixel