Шетелден миллион долларға келетін жұлдыздар әншілердің ашуына тиді
Жарияланған күні:
Елімізде өтетін мерекелер мен ауқымды шараларда шетелік әншілерді шақыру сәнге айналды. Алайда бұл іске отандастарымыз бен жұлдыздар өз қарсылықтарын білдірді деп хабарлайды "Евразия" арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Тіпті Анджелина Джоли Астанада өтетін кинофестивальге келуі үшін миллион доллар өтемақы сұраған.
"Елдің қаражатын шетелге шығару дұрыс емес. Өзіміздікі де жетеді", "Шетелден шақырған әншілерге ғана жиналмайды халық. Қазақстандық әншілерге де жиналады" деп пікір білдірді жергілікті тұрғындар.
Ал елімізге танымал композитор Марат Омаров бұл іске түбегейлі қарсы.
"Біз неге оларды шақыруымыз керек? Аз ғана өтемақымен емес, өте үлкен қаржымен шақырады. Тіпті мыңдаған, миллиондаған қаражат кетіп жатыр. Одан да отандық әншілерді шақырған дұрыс", - деді Омаров.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1739516-setelden-million-dollarga-keletin-zldyzdar-nsilerdi-asuyna-tidi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.