Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық марапаттау рәсімінде сахнада етегін ашып билеген азамат елді шошытты (фото)

Опубликовано:

Күні кеше Астанада өткен "Үркер-2018" ұлттық марапаттау шарасы болып өткені белгілі. Журналистика саласындағы ең мықты әрі үздік мамандарды марапаттау рәсімінде өнер көрсеткен ер адам өзінің киімімен елдің сынына қалды деп хабарлайды NUR.KZ.

"Үркер-2018": Сахнаға юбка киіп шыққан ер адам елді шошытты
Фото Оралхан Дәуіттің Facebook парақшасынан алынды: UGC

Аталған шарада би билеген ер адамның белдемше киіп алғаны "Жас Алаш" газетінің журналисі Оралған Дәуіттің шамына тиген. Ол өз ойын Facebook желісінде тарқата айтты.

"Марапаттаудың арасында концерт болды ғой. Көрермендер онсыз да «Тақиялы періштедегі» Тана жеңгей ұқсап ара-арасында қыздардың жалтыраған сандары мен жігіттердің беліне орала кететін жалаңаш аяқтардан ұялып, беттерін басып отырғанда мына бір көрініс тіптен айран-асыр қылды.
Мұртты жігіт, бұтына юбка киген, аяғында ботинка... Шет тілде бір ән айтты. Буыны бос жігіттің қимылы бір түрлі. Ән айтып жүріп жалаңаш санын көтеріп, кабарэ билеген сияқты болды ма? Әйтеуір, жалаңаш санын қайта-қайта көтере берді.

Ең сұмдығы ән аяқтала бергенде сахнаға домбыра ұстаған он шақты жігіт шығып, ортаға айналып тұра қалды.

"Үркер-2018": Сахнаға юбка киіп шыққан ер адам елді шошытты (фото)
Фото Оралхан Дәуіттің Facebook парақшасынан алынды: UGC

Енді юбка киген жігіт домбыра тартқан жігіттердің ортасына тұра қалып билеп, юбканың астындағы жалаңаш сандарын былай да көтерді, былай да көтерді. Қара юбкасымен селтеңдеп "Қара жорға" билеген сияқты болды ма-ау, әйтеуір... Оған мәз болған он шақты жігіт сабалап домбыра тартып жатыр.

Бірден айтайын, мен өзім де және өзім жұмыс істейтін «Жас Алаш» газеті де «Үркерден» үмітті болған жоқ. Рас, басқа басылымда жұмыс істейтін бір фотокорреспондент жігіт «Жас Алашта» жарияланған фотоларын осынау бәсекеге өзі ұсынып, үміткерлердің арасында аты-жөні аталды. Бірақ, өз басым ол жігітті танымайды да екенмін. Сондықтан, мен жүлдеге қолым жетпей қалып, күйініп айтып тұрғаным жоқ.

Бірақ, өзіңіз ойлаңызшы... Мұртты жігіт. Юбка. Санын көтеріп билеу. Сосын қазақтың қасиетті домбырасы... Осыларды ұйқастырып, үлкен сахнаға алып шыққан ұйымдастырушыларға таң қалдым. Сонда не айтпақшы болды? Не көрсетпекші болды? Мұның астарында қандай пиғыл жатыр?", - дейді наразы болған ол.

Оның айтуынша, бұл барып тұрған сорақылық және домбыра секілді ұлттық аспаптың қадірін түсіру.

"Алла өзі кешірсін, осы бір көрініс баяғыда Алматыда болған бір жәйтті есіме түсірді.
Естеріңізде болса, Алматыдағы Құрманғазы мен Пушкин көшелерінің қиылысында орналасқан аты біртүрлі клуб екі ұлттың мақтаныштарын сүйістіріп қойып еді ғой...
Енді бүгін саны жалтыраған буыны бос жігіт пен қазақтың қара домбырасын қиыннан қиыстырып, бір-біріне қосақтап қойғанына қалай таң қалмассың...

Шынымды айтайын, «Үркерден» үркіп қалдым...

Қандай керемет өткен іс-шараны осындай бір-екі сәт жиіркенішті қып жіберді", - деп жазды журналист.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1739775-lttyk-marapattau-rsiminde-sahnada-etegin-asyp-bilegen-azamat-eldi-sosytty-foto/

pixel