Жазира Байырбек туған сіңлісі Нәзирамен халықтың алдында ұрысып қалды (фото)
Опубликовано:
Жазира Байырбекова туған сіңлісі Нәзирамен халық алдында ұрысып қалды. Бұл жайында арнайы жазба қалдырған әнші өзінің сіңлісін түсіністік танытуға шақырды деп хабарлайды NUR.KZ.

Жазира бауырымен түрлі бағдарламаларға шақырылатын әншілер мен жұлдыздар үшін ұрысып қалған.
"Менің сіңлім Нәзира Байырбекпен туыстық әңгімеміз жайына қалды. Еліміздегі болып жатқан келеңсіздіктерге телеарналардағы бағдарламаларды, сол бағдарламаға баратын әншілерді кінәлап отыр.
Мен әріптестерімді жақтап, бір-екі сөз жазып едім. Мені блокқа қойып қойды. Нәзира, ондай болса, халық алдында сөйлесейік", - деді Instagram парақшасында.
Айта кетейік, бұл жазба әншінің парақшасынан ұзамай өшірілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1740160-zazira-bajyrbek-tugan-silisi-nziramen-halykty-aldynda-rysyp-kaldy-foto/