Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Досымжан Таңатаровтың төртінші баласы дүниеге келді (фото, видео)

Опубликовано:

Елімізге танымал әнші Досымжан Таңатаровқа келіншегі атұстар сыйлады. Әншінің төртінші сәбиінің дүниеге келгенін естіген жұлдыздар Таңатаровты жарыса құттықтады деп хабарлайды NUR.KZ.

Қуанышты хабарды Анна Данченкодан естіген Айгүл Иманбаева, Тамара Асар, Мәдина Сәдуақасова Таңатаровты атұстарының дүниеге келуімен құттықтады.

"Су жаңа жаңалық. Біздің Досымжан жаңа ғана ұлды болды. Құтты болсын. Бауы берік болсын", - деді әншілер.

Желі қолданушылары да бұл жаңалықты жылы қабылдап, ақ тілектерін жаудырды.

"Атұстардың бауы берік болсын", "Ғұмыры ұзақ болсын", "Елге еңбегі сіңетін азамат болып өссін", "Әкенің баласы емес, елдің баласы болсын", "Құтты болсын" деді оқырмандар.

Айта кетейік, жаңа туылған нәрестеден бөлек әншінің екі қыз, бір ұлы бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1741178-dosymzan-taatarovty-trtinsi-balasy-dniege-keldi-foto-video/

pixel