Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талай қыздың жүрегін жаулаған әнші отбасын құрғалы жатқанын мойындады

Опубликовано:

Канадалық әнші Джастин Бибер өзінің мыңдаған жанкүйер қыздарының жүрегін жаралап кетті. АҚШ шоу-бизнесінің жарқын өкілі өз сүйіктісі Хейли Болдуинге үйленуге ұсыныс жасаған деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: RosRegistr
Фото: RosRegistr: UGC

Бұл қуанышты оқиғасымен Джастин бірінші болып оқырмандарымен бөлісуді жөн санаған. Ол өзінің Instagram парақшасына жан тебірентер жазба қалдырды.

"Хейли мен сені сондай сүйемін. Өмірімнің қалған уақытын сенің маған таныс емес қырларынды білуге арнамақпын. Болашақта біздің отбасымызды бар абыроймен басқаруға тырысамын. Менің жүрегім мәңгі саған тиесілі болады. Сен мен үшін әрдайым бірінші орында тұратын боласың. Хейли Болдуин - менің өмірімнің махаббаты. Өз өмірімді басқа жанмен елестеткім де келмейді", деп жазған әнші.

Бұл жазбасы арқылы Джастин Бибер сүйіктісіне шынымен де ұсыныс білдіріп, одан келісімін алғанын растады.

Алайда, әншінің жанкүйерлері оның Хейлиді таңдағанына разы болмай шықты. Көпшілік Джастиннің бұрынғы сүйіктісі Селене Гомеспен отбасын құрғанын қалаған.

Айта кетейік, танымал әншінің 7 шілде күні ұсыныс жасағаны жөнінде интернет кеңістігінде ақпараттар тараған болатын. Алайда, бұл жазба болған оқиғаның ресми дәлелдемесі болса керек.

Фото: peopletalk.ru
Фото: peopletalk.ru: UGC

Танымал моделге дейін Джастин Бибер ұзақ уақыт бойы өз махаббаты санаған Селена Гомеспен қайта табысқан болатын. Бірақ, өзара келісе алмаған жұп ара-қатынастарын тоқтатуды ұйғарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1741408-talaj-kyzdy-zregin-zaulagan-nsi-otbasyn-krgaly-zatkanyn-mojyndady/

pixel