jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Риза Шайқақ
    Риза Шайқақ
    Бұрынғы қызметкер

    "Славян базары": Қазақстандық Әмре бірінші орынды қанжығаға байлады (фото)

    : UGC

    Витебскіде өткен 26-шы "Славян базары" Халықаралық ән байқауында қазақстандық жас әнші Әмре жүлделі бірінші орынға ие болды деп хабарлайды NUR.KZ.

    "Славянский базар": Қазақстандық Әмре бірінші орынды қанжығаға байлады
    "Славянский базар": Қазақстандық Әмре бірінші орынды қанжығаға байлады: UGC

    156 ұпаймен румыниялық әншімен тең түссе де, қазылар алқасының шешімі бойынша Әмреге бас жүлде емес, бірінші орын бұйырған.

    "Славян базары": Қазақстандық Әмре бірінші орынды қанжығаға байлады (фото)
    Екі кезең бойынша ұқпай сандары. Фото: instagram: UGC

    Бұл туралы әншінің өзі Instagram желісіндегі ресми парақшасында жариялады.

    "Алдыңғы кезеңде денсаулығыма байланысты ойдағыдай өнер көрсете алмадым. Бірақ ауырғанымды ешкімге айтпадым, сонда да жоғары ұпайға ие болдым. Аллаға шүкір, бүгін бәрі керемет болды!

    Алланың қалауымен, Қазақстан 1-орынға ие болды. Румыния Бас жүлде алды. Ұпайларымыз бірдей болғанмен, әділ-қазылар шешімі осындай болды. Мен барымды салдым.

    Қазақ елі! Дұға, тілектеріңізге үлкен рахмет. Сіздерге Бас жүлде сыйлай алмағаным үшін өз-өзіме сыймай, отыратын орын таппай отырмын. Мені қолдағандарыңыз үшін рахмет! Көріскенше! Әmre", - деп жазады ол.

    "Славян базары": Қазақстандық Әмре бірінші орынды қанжығаға байлады (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.