Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал стилист талғамсыз киінген Жорабаева мен Әлқожаны сынап тастады

Жарияланған күні:

Comode әншілердің сахнада және күнделікті өмірде қалай киінетініне шолу жасап, стилист Райхан Қорғанның пікірін білді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Сонымен, стилист Райхан Қорғанның отандық әншілердің талғамына берген бағасы келесідегідей:

Кәмшат Жолдыбаева

Фото: comode.kz
Фото: comode.kz: UGC

Бұл – сахналық образ. Ешқандай артықшылық пен кемшілікті байқап тұрған жоқпын. Әрине, «ойбай, ұят-ай» дейтіндер бар шығар?! Себебі, бір көзге менталитетке жат көрінуі мүмкін...

Бұл ашық түсті, ерекше, барлық назарды өзіне аударатын киім нағыз шоу-бизнеске арналған. Әрине, мұндай киімді Кәмшат күнделікті өмірде немесе тойларға кимесі анық. Маған ерекше ұнады.

Фото: comode.kz
Фото: comode.kz: UGC

Үстіндегі халаты керемет екен. Мен мұны басқа қарапайым киімдермен киіп, көп назарды осы халатқа аударуға тырысар едім. Бұл жердегі үш түс өзара жарысып, бәсекелесіп, сәнін кетіріп тұрғандай.

Оның үстіне аяқ киімі де дұрыс таңдалмаған. Нәтижесінде үш әдемі киімнің ешбіріне де мән берілмей, үйлесімсіз болып қалды.

Алтынай Жорабаева

Фото: comode.kz
Фото: comode.kz: UGC

Меніңше, бұл көйлекті Алтынай ханымның атына сәйкес жасаған сияқты. Алайда, шектен тыс алтын түстес мата мен көп ұсақ-түйектер көйлектің сәнін кетіріп тұрғандай...

Одан бөлек алтын түстес матаның өзі Алтынай ханымды толық көрсетіп тұрғандай. Дәл осындай үлгідегі көйлекті тек басқа түспен және мынау артық гүлдерсіз, жеңсіз ұсынар едім.

Айдана Меденова

Фото: comode.kz
Фото: comode.kz: UGC

Ал бұл образы ұнады. Үйлесімді. Әрине, анау кеудешенің қалтасын алып тастаса, тіпті жарасымды болатын еді. Қазір сән әлемінде еркіндік пен шексіздіктің кезеңі ғой.

Мына толқын етекті белдемшеге осындай спорттық аяқ киім киюге де болады. Одан бөлек биік өкшелі туфлимен де әдемі көрінеді.

Мәдина Сәдуақасова

Фото: comode.kz
Фото: comode.kz: UGC

Қызыл кілем үстінде жүріп өтуге арналған бұл көйлегі керемет жарасымды. Әрине, мен стилист көзімен Мәдинаны сексуалды, нәзік қылып көрсетуге ынтықпын. Алайда, ұятмэндердің сөзінен қорқып көп өнер адамдары тәуекелге барудан бас тартады.

Фото: comode.kz
Фото: comode.kz: UGC

Енді мынау «қар ханшасының» образына он деген баға беремін. Нағыз стильді, жаңашыл, жарасымды.

Айнұр Тұрсынбаева

Фото: comode.kz
Фото: comode.kz: UGC

Домбыра мен айтыстың символы Айнұрдың бұл көйлегі өте жарасымды. Түстері де байлықтың белгісі ретінде ашық әрі әдемі. Тек сөмкесі ғана сәйкес келмей тұр.

Фото: comode.kz
Фото: comode.kz: UGC

Байқап тұрсам, Айнұр Тұрсынбаева үлкен сөмкелерге ғашық-ау деймін. Бұл көйлекке кішкентай қолсөмкесін ұстаса нұр болар еді. Образ әдемі, үйлесімді.

Гүлнұр Оразымбетова

Фото: comode.kz
Фото: comode.kz: UGC

Жоооқ, бұл киімді Гүлнұр қалай таңдағанын білмеймін?! Мүлде үйлеспейді. Біріншіден, түстері мүлдем жараспайды. Екіншіден, үсті мен асты екібөлек киім сияқты. Мысалы, үсті қысқа басқа көйлек сияқты.

Соның үстінен ұзын белдемше кие салғанға ұқсап тұр. Мынау әдемі белдемшеге тура осы матадан тігілген бір иығы ашық кеудеше керемет жарасатын еді.

Мөлдір Әуелбекова

Фото: comode.kz
Фото: comode.kz: UGC

Бұл сахналық образ Мөлдірдің нәзіктігін әдемі көрсетіп тұр. Керемет жарасымды.

Фото: comode.kz
Фото: comode.kz: UGC

Күнделікті өмірге арналған бұл киімі де керемет. Талғамы жоғары әнші екенін байқауға болады. Мынау белдемшеге басқа емес, тура қара түсті таңдауы тапқырлық деп білемін. Сөмкесіне дейін үйлесімді.

Роза Әлқожа

Фото: comode.kz
Фото: comode.kz: UGC

Мынау образға мен екі деген баға берер едім. Артық дүниелер көп. Қазақта «артық қыламын деп – тыртық қылды» деген сөз бар. Соның күйін кешіп отыр. Құлағында сырға, көйлегі мен бас киімінде әшекейлер, жеңінде де ерекшелік – тым артық.

Одан бөлек түстері де дұрыс таңдалмаған. Розаны толық көрсетіп, әрі өзінің сұлулығын жоғалтып жіберіп тұр. Мен бұл образды өзгерту үшін бәрін лақтырып тастап, қайтадан басынан бастап жасайтын шығармын.

Фото: comode.kz
Фото: comode.kz: UGC

Мына көйлекте де артық дүниелер көп. Әсіресе, етегіндегі үшбұрышты мына аймақты неге қалдырғанын түсінбеймін. Бейне бір мата жетпей қалғандай көрініп тұр.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1743646-tanymal-stilist-talgamsyz-kiingen-zorabaeva-men-lkozany-synap-tastady/