Қазақтың атын әлемге танытқан қыздардың кім екенін білесіз бе?
Жарияланған күні:
Әлемде аты белгілі қазақтың да қыздары бар екенін естен шығармаңыз. Олар жоғары қызмет атқарып, әлемдегі ең биік мінберлерден сөйлеп, өз өнерлерімен ерекшеленген. NUR.KZ порталы сіздердің назарларыңызға ортаазиялық әйелдер жайлы теріс қағиданы бұзып, атын әлемге әйгілеген қазақ қыздарының суреттерін ұсынады.
Гога Ашкенази (Гауһар Берқалиева)
Әлемдегі ең бай әйелдердің бірі, Vionnet/Paris сән үйінің иесі Қазақстанда, Тараз қаласында дүниеге келген. Оның әкесі инженер болған. Келіншектің сөзінше, оның туған қаласындағы өмірі өте қарабайыр әрі іш пыстырарлықтай болыпты. Алайда, бәрі Гоганың анасы оны Мәскеуге ертіп кеткен кезде өзгерді.
Гауһар 13 жасында ағылшын мектебіне барған. Өзінің ұтқыр ойымен ерекшеленген қыз Оксфордтағы экономика-тарих факультетіне оқуға түседі. Сол кезде ол Стефан Ашкенази есімді америкалық миллионермен танысады. Олар үйленгенімен, кейін ажырасып кеткен.
Келіншек Ресей мен британдық баспасөздің жарқын жұлдызына айналды.
Қазір Гога Парижде, кейде Лондонда, Нью-Йорк пен Миланда өмір сүреді. Табысының көп бөлігі Қазақстаннан түседі екен. Ол қазақстандық "МұнайГаз Инжиниринг Групп" алпауыт компанияның бас төрайымы қызметін атқарады.
Гүлжан Молдажанова
Жеті миллион АҚШ доллар айлық алатын топ-менеджер Forbes нұсқасы бойынша Ресейдің ең бай жиырма адамның қатарына кіреді екен. Гүлжан - "Базалық элемент" компаниясының басшысы.
Ол Қазақ ұлттық университетін, Ресей Ферерациясы басшылығындағы Қаржы академиясын тәмамдаған. Сондай-ақ Гүлжанда Бельгияның атақты академиясының екі дипломы бар.
Америкалық Forbes "Әлемде маңызы бар 100 әйелдің" тізімін жасағанда, Молдажанованы 37-орынға жайғастырыпты.
Алтынай Асылмұратова
Алтынай - Ваганова атындағы орыс балеті Академиясының көркемдік жетекшісі. Ол Алматы қаласында дүниеге келгенімен, Санкт-Петербург қаласында жұмыс істеп, тұрған. 80-90 жылдарда Мариин опера және балет театрының прима-балеринасы болыпты.
Алтынай Лондондағы Патшалық балетте және Ролан Петидің Марсельдегі труппасында билеген.
2013 жылы Санкт-Петербургтегі Михайлов театры басшысының кеңесшісі болып тағайындалды.
Ал, 2016 жылы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тағайындауымен Алтынай Қазақ хореография академиясының ректоры болып тағайындалды.
Роза Рымбаева
Роза - Кеңестік және қазақстандық әнші, педагог, профессор.
Ол Семей облысындағы Жаңғызтөбе бекетінде теміржолшының отбасында дүниеге келген. Алматыдағы Көркемдік-театр институтын бітірді.
Роза Рымбаева - Қазақ ССР-дің халық әртісі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қырғызстан мен Өзбекстанның еңбек сіңірген қайраткері.
Жақында ғана Беларусьтегі Витебск қаласында Роза Рымбаеваның жеке жұлдыз тақтасы пайда болды.
Наталья Орынбасарова
Наталья - кеңестік және ресейлік танымал әртіс, белгілі режиссер Егор Кончаловтың анасы. Мәскеуде дүниеге келген.
Наталья Академиялық хореографиялық училищені бітірген.
Ол Венеция кинофестивалінде "Вольп алтын кубогын" иеленді. Марапат оған Андрей Кончаловскийдің "Алғашқы ұстаз" фильміндегі басты әйел рөлі үшін берілді.
1999 жылы оның "Айлы жолдар" атауымен мемуарлары жарыққа шыққан еді.
Сәуле Рахмедова
Сәуле - танымал прима-балерина әрі Қазақстанның алғашқы ханымы.
Сәуле Теміртау қаласында дүниеге келген. Мәскеу ұлттық театрында солист болған, сол жерде Сергей Радченконың жетекшілігімен жұмыс істепті.
Ол Ұлыбританияға, Жапонияға, Еуропа мен АҚШ-қа гастрольдік сапарларымен барған. Кейін ол Гете атындағы институтта оқып, Германияда біраз уақыт бойы тұрыпты.
1999 жылы Сәуле Америкаға кетіп қалған. Жақында балерина елімізде жаңа балетті қалыптастыру мақсатында Қазақстанға оралды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1744313-kazakty-atyn-lemge-tanytkan-kyzdardy-kim-ekenin-bilesiz-be/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.