Қазақстанның ең сұлу аруы атанған нәзік жандылардың жұбайлары кімдер?
Жарияланған күні:
"Қазақстан аруы" - еліміздегі ең сұлу, ақылына көркі сай бойжеткендерді анықтайтын сән байқауы. Оған бақ сынау үшін еліміздің түкпір-түкпірінен түрлі жастағы арулар келіп, бақ сынайды. NUR.KZ порталы аталмыш байқауда жүлделі орынға ие болып, кейін тұрмысқа шыққан бойжеткендердің суреттерін ұсынады.
"Алматы аруы-2015" - Регина Вальтер
"Алматы аруы-2015" атанған Регина Вальтер 2016 жылдың 13 қарашасында Сергей Гридинмен некесін қидырған болатын.
Сергей - футболдан Қазақстан құрамасының бұрынғы шабуылдаушысы.
"Қазақстан аруы - 2013" - Айдай Исаева
Айдай Мақсат есімді бизнесменге тұрмысқа шыққан еді.
Мақсат - қайырымдылық қорының президенті әрі консалтинг компаниясының бас директоры.
Ал, Айдай - "Шымкент аруы - 2008", "Алматының вице-аруы - 2013", "Қазақстан аруы - 2013" байқауларының жеңімпазы әрі "Ғалам аруы - 2014" байқауының қатысушысы. Ол Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін тәмамдады. Қазіргі таңда клиникалардың бірінде отбасылық дәрігер болып қызмет атқарады.
Айдай мен Мақсаттың тойында "Қазақстан аруы" байқауының қатысушылар мен жеңімпаздары қатысты. Оның қыз жолдасы "Ресей аруы" Юлия Алипова болды.
"Қазақстан аруы - 2011" - Айнұр Төлеуова
Айнұр - 2014 жылдың қыркүйек айында тұрмысқа шыққан. Күйеуінің есімі Мұхаммед екені белгілі. Айнұр дизайнерлік оқуды тәмамдаған. Бимен қызығатын көрінеді. Журналист пен психологтың дипломын қолға алу ойда бар екен. Өзінің жеке журналын да ашып, жастарға кеңес бергісі келеді.
"Қазақстан аруы - 2005" - Дина Нұрәлиева
Шымкенттік 20 жастағы студент бойжеткен Дина Нұрәлиева "Қазақстан аруы - 2005" атағын жеңіп алған еді. Ол "Әлем аруы - 2009" байқауында ел намысын қорғап, үздік 16 арудың қатарына енді. Сондай-ақ, ол "Әлем ханымы" байқауына қатысқан жалғыз қазақстандық ару еді.
Бүгінде Дина Шымкенттегі модель агенттігін басқарады. Кішкентай қыз тәрбиелеп отырған Дина дүниеге ұл бала әкелді.
"Өскемен аруы - 2004" - Александра Казакова
Александра 19 жасында "Өскемен аруы" атанып, кейін "Шығыс аруы" мен "Қазақстан аруы" байқауында бас жүлдені жеңіп алып, "Әлем аруы" конкурсына қатысып келді.
Кәсіпкерге тұрмысқа шыққан арудың бүгінде екі баласы бар.
"Қазақстан аруы - 1989" - Сәуле Рахмедова
Сол жылдары Қазақстанның бірінші аруы атағын алған 20 жастағы балерина Сәуле Рахмедова 1988 жылы "Алматы аруы" да атанып еді.
1987 жылдан бастап балерина Абай атындағы опера және балет театрында жұмыс істеп еді, кейін Ресей мен АҚШ-та болып, 2008 жылы елге оралды.
2016 жылы Ержан есімді бизнесменге тұрмысқа шықты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1744502-kazakstanny-e-slu-aruy-atangan-nzik-zandylardy-zbajlary-kimder/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.