Ваннадан сурет жүктеген отандық танымал әнші жұртқа жақпай қалды (фото)
Опубликовано:
Ваннадағы сәтін суретке түсіріп, желіге жүктеп қойған Индира Расылған тыңдармандарын ашуландырып алды. Әншінің бұл әрекеті желі қолданушыларының қызу талқысына түсті деп жазады NUR.KZ.

Сезімге толы өлең жолдарын жазып, гүлге көмкерілген суретін салған әншіні тыңдармандары сынап тастаған.
"Орта жастағы әйелсіз. Мұныңыз ұят емес пе?", "Әншілерде ес қалмады ғой", "Ұл-қыз өсіріп отырсыз. Мына қылығыңыз ұят қой", "Өте ерсі. Үлкендер осындай сурет салса, жастарға не деп өкпелейсіздер?", "Қырыққа келіп, қылық ашыпты деген осы болар" деді ашу шақырған оқырмандар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1744995-vannadan-suret-zktegen-otandyk-tanymal-nsi-zrtka-zakpaj-kaldy-foto/