Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Феличита" әнімен әлемді аузына қаратқан әйгілі әнші Димашқа таңдай қақты

Опубликовано:

Атағы жер жарған "Феличита" әнінің орындаушысы Аль Бано Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болып, оған батасын берді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Аль Бано. Фото: bnmusic.ru
Аль Бано. Фото: bnmusic.ru: UGC

"Felicita (Феличита) әнімен күллі әлемді аузына қаратқан Al Bano. Жеке көріспесек те, бата беріп, қолдап жатқаныңызға үлкен рахмет, маэстро. Әлемдік аңызға айналған жұлдыз болсаңыз да, танытып отырған кішіпейілділігіңіз бәрімізге үлгі. Қазақстанға келіңіз", - деп жазған Димаш.

Әнші бата беру сәтінен видеоны желі парақшасында жария етті. Мұны көрген желі қолданушылары әншіге мақтаулары мен ақ тілектерін жаудыруда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1747017-felicita-nimen-lemdi-auzyna-karatkan-jgili-nsi-dimaska-tadaj-kakty/

pixel