"Жігіттер" тобының әншісі азаншылар байқауында қазылық етпекші
Опубликовано:
«Жігіттер» квартетінің солисі Айдар Тұрғанбек Ақтөбеде өтетін азаншылар байқауына қазылық ететін болды. Бұл туралы Aktobenews.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Үшінші мәрте өткізілетін республикалық байқаудың бас жүлдесіне миллион тігілді.
Шараға еліміздің 14 облысы мен ірі қалаларынан 20-ға жуық азаншы қатыспақшы.
Жарысқа имам-ұстаздар Алтынбек Ұтысхан, Сәдуақас қажы Олжабай, Төлеби Оспан, Әли қари Қазақ және «Жігіттер» квартетінің солисі Айдар Тұрғанбек төрелік етеді.
Сондай-ақ, танымал қарилар мәнерлеп Құран оқиды.
Жарыстың жалпы жүлде қоры – 3 млн теңге.
Айта кетейік, азаншылар байқауы «Нұр Ғасыр» мешітінің 10 жылдығына арналады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1747333-zigitter-tobyny-nsisi-azansylar-bajkauynda-kazylyk-etpeksi/