Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жазира мен Жанболаттың ажырасып кеткенін естіген оқырман көз жасын тоқтата алмады

Опубликовано:

Осыдан біраз уақыт бұрын желіде Жазира мен Жанболаттың ажырасып кеткені туралы жалған ақпарат тараған болатын. Бұл жаңалықты естіген оқырмандар олардың тағдырына алаңдап қалған болатын. Танымал жұптың енді бірге болмайтынын естіген жанкүйерлерінің бірі сол сәтте көз жасын тоқтата алмағанын айтты деп жазады NUR.KZ.

Бұл туралы Жазира Байырбекова өзінің Instagram желісіндегі парақшасына жазды. Оқырманының уайымдап, жылағанын естіген әнші қатты толқып, оған 30 мың теңге көлемінде сыйлық тарту етті.

"Сыртымыздан шынайы тілекші болып жүргендеріңізге Алланың нұры жаусын! Бүгін инстадостарымның арасынан осы xаттың иесіне өз салонымның атынан шын көңіліммен сыйлық ұсынғым келді.

Құрметті @zhemis.khangeldina егер Алматының маңайында болсаңыз, “Жазира сұлулық салонынан" 30 000 тенге көлемінде тегін процедуралар қабылдап кетіңіз! Жылы лебізіңізге раxмет!", - деп жазған әнші.

Әншінің оқырманына деген ықыласын көрген желі қолданушылары да түрлі пікірлерін жаудырып, Жазираға алғыс айтты.

"Енді бәрі тілек жазатын шығар", "Керемет. Жақсы адамнан жақсы тілек, жақсы лебіз білінеді. Жақсылығын əрдəйым шашып жүреді. Сіздерді шын ықыласымен тыңдайтын көрермен болған ғой. Құдай ажыратпасын!", "Жақсы сөз, жарым ырым деген осы", - деп жазды олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1747567-zazira-men-zanbolatty-azyrasyp-ketkenin-estigen-okyrman-kz-zasyn-toktata-almady/

pixel