Адам танымастай өзгерген әйгілі актрисаны көпшілік танымай қалды (фото)
Опубликовано:
Голливудтың ең әдемі актрисаларының бірі Николь Кидманды табынушылары танымай қалды деп жазады Oxu.Az порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Белгілі болғандай актрисаның адам танымастай өзгреуіне оның жаңа фильмнен бой көрсетуі себеп болған.
Желіде 2018 жылдың желтоқсан айында жарыққа шығатын "Разрушитель" киносынан кадрлар пайда болған. Ол жерде әйгілі актриса өзінің сыртқы болмысын түбегейлі өзгертіп жіберген.
Бастапқыда желідегілер сүйікті актрисасын танымай қалса, кейін басты роль үшін осындай қадамға барғанын түсінген.
Айта кетейік, жаңа туындыда Кидман детектив Эрика Беллдің ролін сомдайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1749052-adam-tanymastaj-zgergen-jgili-aktrisany-kpsilik-tanymaj-kaldy-foto/