Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айқын мен Дәурен Айдарқұловтың бұрынғы әйелдері туралы не білеміз?

Жарияланған күні:

Отандық танымал жұлдыздар Дәурен Айдарқұлов пен Айқын Төлепберген өз бақытын атышулы Кешью тобының бұрынғы әнші қыздарынан тапқан. Олардың екінші рет отбасылы болуларына орай, NUR.KZ өз оқырмандарына әрітстердің бірінші әйелдері жөнінде мәліметтермен бөлісуді жөн көрді.

1. Дәурен Айдарқұловтың бірінші әйелі - Баян Әкімжанова.

Фото: Скриншот
Фото: Скриншот: UGC

Өткен күзде Дәурен Айдарқұловтың бұрынғы әйелі Баян танымал актермен не себепті ажырасып кеткені жөнінде ашық айтқан болатын. Әйел адам өзінің Instagram парақшасына жантебірентерлік жазба қалдырып, оқырмандардың басты сұрақтарына жауап берген.

Фото: Скриншот
Фото: Скриншот: UGC

Өз жазбасында әйел адам өзінің бұрынғы күйеуі жөнінде жылы сөздер айтты. Ол Дәурен Айдарқұловтың керемет әке екенін жеткізді.

Отандық актердің бірінші некеден үш баласы бар. Ал ажырасып кеткен ерлі-зайыптылар болса "жақсы дос" ретінде араласып жүр. Оған қоса, Баян Дәуренннің ата-анасымен де әлі де жылы қарым-қатынаста болып шықты.

"Біз үш баланы тәрбиелеп отырмыз. Сол себептен бір-бірімізге ала көзбен қарап, жағымсыз қарым-қатынас ұстануда жақсылыққа әкелмейді. Тек қана балалар зардап шегеді", - деп айтты үш баланың анасы.
Скриншот: pandaland.kz
Скриншот: pandaland.kz: UGC

Баян өзінің бұрынғы күйеуін баяғыда кешіргенін айтып, оған деген жеккөрушілік жоқ екенін жеткізді. Оның айтуынша, оның жүрегі енді бос. Ал қайта қосылу мүлде болмайды дейді ол.

Айқынның бірінші әйелі - Әсел Төлепберген

Фото: Скриншот
Фото: Скриншот: UGC

Отандық әнші өзінің жеке өмірін жасырын ұстану принципіне адал болып қалған. Бұрынғы әйелін ұзақ уақыт елге көрсетпей келген ол. екінші әйелін де тек біраз уақыттан соң ғана жасыруды қойған.

Кешью тобының бұрынғы мүшесі де өз сүйіктісі туралы ешкімге тіс жармай келді. Алайда, жұлдызды жұптың қарым-қатынасы туралы ақпараттар желіге жария болып жатты.

Фото: Скриншот
Фото: Скриншот: UGC

Айқынның бірінші әйелі туралы айтатын болсақ, әнші Әселдің көңілін табу үшін біраз тер төккенін өзі де жасырмай айтқан болатын. Белгілі болғандай, екі ғашық университет қабырғасында кездескен. Айқынның сезімін қабыл алмай жүрген ару, оның фортепианодағы өнеріне тәнті болып, уақыт өте келе оған басқаша көзқараспен қарайтын болды.

Фото: Скриншот
Фото: Скриншот: UGC

Олардың махаббат дастаны некеге ұласты. Төлепберген жанұясында екі бала өмірге келді. Оған қоса, ел назарынан тыс жүрген Әсел алғашқы рет күйеуінің бейнебаянына түсіп, өзі жұртқа таныстырды. Айқын бірінші әйелін жүкті кезінде клипке түсірмекші болып, оны төрт күн бойы көндіргенін айтты.

Фото: Скриншот
Фото: Скриншот: UGC

Алайда, бұл махаббат хикаялардың қандай әдемі болғанымен, бұл өмірде мәңгі нәрсе жоқ. Бүгінде Дәурен Айдарқұлов та, Айқын Төлепберген де өздерінің кешьюлік қалыңдықтарымен бақытты.

Айта кетейік, Айқын мен Жұлдыз елден жасырған ұлдарын оның туған күнінде бір-ақ көрсетті. Жұлдызды жұп баласының бір жасын дүркіретіп өткізді.

Жұлдыз бен Ақботанұр жеке өмірлері үшін желі оқырмандарының сынына жиі ұшырауда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1749753-ajkyn-men-duren-ajdarklovty-bryngy-jelderi-turaly-ne-bilemiz/