Өзбектің әнін "ұрлап алған" Серік Ибрагимовті жұрт сөгіп тастады (видео)

Опубликовано:

Той ырғағындағы "хит" әндердің орындаушысы Серік Ибрагимовтің басы дауға қалды. Оның жақында жарық көрген "Қыз бала гүл" әні өзбектің танымал әндерінің бірі болып шықты деп хабарлайды NUR.KZ.

Өзбектің әнін "ұрлап алған" Серік Ибрагимовті жұрт сөгіп тастады (видео)
Серік Ибрагимов. Фото: instagram: UGC

Осыдан бір ай бұрын тыңдарманға жол тартқан ән желіде танымал болып үлгерген еді.

Серіктің жанкүйерлері аталмыш әнге қызықты видеоларын түсіріп, түрлі парақшаларға таратып жіберген.

Әншінің өзі де қыздарға арналған әніне дайындалған кішігірім роликтерін парақшасына жариялап жүр.

Алайда соңғы видеоларға әннің "өзбектерден ұрланғанын" айтып,өз наразылықтарын білдірген жандар табылып жатыр.

Айта кетерлігі, тыңдарманның әншіге деген реніштері орынды болып шықты.

Серік Ибрагимов орындаған ән Шохруххон есімді өзбек әншісінің репертуарында бұрыннан бар екен. Тіпті осыдан төрт ай бұрын әннің бейнебаяны да жарық көрген.

"Киз бола" деп аталатын ән 3 миллион үш жүз мыңнан аса қаралым жинапты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1750600-zbekti-nin-rlap-algan-serik-ibragimovti-zrt-sgip-tastady-video/