Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Байзақоваға "есі кеткен" әнші жігіттер көбейту кестесін білмей ұятқа қалды (видео)

Опубликовано:

Алғашқы бейнебаяндарына атышулы блогер Айжан Байзақованы түсіріп, біршама танылып үлгерген "AlemBand" тобының жігіттері көбейту кестесін білмей, ұятқа қалды. Олар сегізді сегізге көбейте алмай әбден қиналды деп хабарлайды NUR.KZ.

Байзақоваға "есі кеткен" әнші жігіттер көбейту кестесін білмей ұятқа қалды (видео)
Alem Band тобы. Фото: instagram: UGC

Бұл туралы Ұлттық арнаның "Таңшолпан" ақпаратты-сазды бағдаралмасында беліглі болды.

Шоу-бизнес әлеміне енді келген әнші жігіттер жүргізуші қойған сұраққа жауап бере алмай қалған.

Анығында, білім алатын уақыттан қатты алыстай қоймаған жастар көбейту кестесін білмейтін болып шықты.

Олар сегізді сегізге көбейте алмай біраз састы. Бірнеше дұрыс емес жауаптан соң ғана жігіттердің бірі "64" деген дұрыс нұсқаны айтады.

Айта кетерлігі, "Қалауым" деп аталатын әндеріне түсірілген клипте серілер Байзақоваға "есі кетіп" ғашық болған жігіттерді сомдайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1750818-bajzakovaga-esi-ketken-nsi-zigitter-kbejtu-kestesin-bilmej-atka-kaldy-video/