Қазақстандық скрипкашының күйеуі Мәскеуде қарт адамды сабап тастады
Жарияланған күні:
Танымал қазақстандық скрипкашы Лананың күйеуі Мәскеуде қарт адамды сабап тастаған. Константин Саркисян қарияның жұбайына тіл тигізгенін айтты деп хабарлайды NUR.KZ.
ТаРаЗчанка әлеуметтік парақшаның иесі болған оқиға жайлы көпшілікке мәлімдеген.
"Суреттегі адамдарды таныған боларсыздар. Танымал скрипкашы Лана мен оның психолог күйеуі К.Саркисян және ұлдары. Осы отбасы жайлы бір оқиғаны айтып берейін.
Скрипкашының ұлы ойын алаңында кішкентай қыздың ұшағын сындырып қойған. Оның атасы ешқандай балағатсыз ескерту жасаған екен. Ал Саркисянның әйелі сол жерде шу шығарып, қарияны қорқытып-үркіткен. Содан-соң күйеуіне айтқан. Ал күйеуі келіп, қарияға 20 соққы жұмсаған", - деп жазылған парақшада.
Ал скрипкашының күйеуі өзінің Facebook парақшасында болған оқиғаны басқаша баяндап берген.
"Мен өз елімде танымал психологпын. Кішкентай күнімнен шындықты айтуды үйреткен. Сол күнгі болған оқиғаны сіздерге өзім айтып берейін.
Сол күні үйде отырған болатынмын. Ұлымның жылаған адуысын естідім.Әйелім бір жасар қызым мен ұлымды алып, ойын алаңына кеткен болатын. Аздан соң келіншегім мен ұлымның жылаған дауысын естіп, атып шықтым.
Әйелімнің айтуынша, ер адам оны жанына шақырып алып, балағат сөздер айтқан. Қолында кішкентай баласы бар әйелім оның жанына барып, телефон нөмерін сұраған. Сынған нәрсенің ақысын төлеп, бұл мәселені шешетінін айтқан. Алайда әлгі адам оған ауыр сөздер айтыпты.
Әйелімнің сөзінен соң мен сыртқа шықтым. Әлгі адамнан кешірім сұратпақ болдым. Ал біреуді ұратын ойымда да болмаған. Мен ол кісіге орнынан тұруды екі рет өтіндім. Ол менің қолымнан ұрып жіберді. Ал мен оның бетінен 20 рет емес, үш рет ұрдым. Оның тек қабағы жарылды. Қай уақыттан бері отбасын қорғаған ер адам құбыжыққа айналған", - деді Константин Саркисян.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1753000-kazakstandyk-skripkasyny-kjeui-mskeude-kart-adamdy-sabap-tastady/