Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Пластикалық отаның көмегіне жүгінген отандық жұлдыздар кімдер? (фото)

Опубликовано:

Қазіргі таңда қыз-келіншектер арасында пластикалық отаның көмегіне жүгініп, бет-әлпетін өзгерту сәнге айналып келеді. Шоу-бизнес саласындағы арулардың да бұл істен кенде емес екені суреттерінен байқалып қалады. Олардың арасында ота жасатқанын мойындайтыны бар, жасырын ұстайтыны да бар. Өзінің әдемілігін арттыру үшін арнайы отаға жүгінген әншілер жайлы NUR.KZ порталы ұсынады.

Рымбаева, Луина, Жеңіс Ысқақ. Фото-коллаж: NUR.KZ
Рымбаева, Луина, Жеңіс Ысқақ. Фото-коллаж: NUR.KZ: UGC

Жұлдыздардың арасында Луина мен Маржан Арапбаева пластикалық отаға жүгінгендерін жасырмай ашық айтқан.

Қос бикештің бірі кеудесін үлкейтсе, екіншісі көзіне қабақ салдырып алған.

Бұл тізімді халық әртісі Роза Рымбаева да толықтырады. Өзінің пластикалық отаға жүгінгенін ашып айтпайтын әнші, алғаш рет ел алдында мәлімдеме жасаған еді.

Әнші: "Менің гендерім жақсы. Бірақ қазір пластикалық хирургияның мүмкіндіктері мол. Мен мұны аса қатты сүймесем де, оның көмегіне жүгінбеске амал жоқ екенін жақсы түсінемін. Пластикалық отаны ізі байқалмайтындай етіп жасау керек", - деген болатын әнші.

Бұл тізімде отандық әнші Жеңіс Ысқақова да бар. Өнер иесі БАҚ беттеріне берген сұхбатында, көзіне қабақ салдырғанын өзі мойындаған еді.

Айта кетейік, желі қолданушылары Гүлнұр Оразымбетованы бетін тарттырып, құлағын кішірейткен десе, Айгерім Қалаубаеваның ернін үлкейткенін айтады. Тіпті әншілердің әлеуметтік желідегі парақшаларында осы сұрақ жиі қойылып жатады.

Алайда, еліміздегі жұлдыздардың біршамасы өздерінің сұлулық құпияларын әзірге жасырын ұстауда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1753510-plastikalyk-otany-kmegine-zgingen-otandyk-zldyzdar-kimder-foto/

pixel