Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айнұр Нұрсейітова: Күйеуімнің ата-анасы біздің некеге түбегейлі қарсы болды

Жарияланған күні:

Instgaram әлеуметтік желісі арқылы көпшілікке танылған Айнұр Нұрсейітова күйеуінің ата-анасымен арадағы қиын қарым-қатынас жайлы бар шындықты айтты. Олар ұлының бұған дейін екі мәрте ажырасып кеткен танымал блогерге үйленгеніне түбегейлі қарсы болып шыққан деп жазады Good Housekeeping сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ғаламтордың арқасында танымалдылыққа ие болған Айнұр Нұрсейітова болашақ күйеуімен дәл осы әлеуметтік желі арқылы танысқан.

"Ол маған алғаш рет жазғанында, мен ұлыммен киноға барғалы жатқанымды бірден айттым. Қазір жігіттердің баласы бар қыздардан қаша жөнелетін заман ғой. Бірақ менің сүйіктім мен туралы барлығын білетін болып шықты. Ең таңғалдырғаны, мені танымай жатып, бірінші кездесуде-ақ менімен және баламмен киноға барам деп салғаны" , - деді Нұрсейітова.

Анықталғандай, ғашықтар үйленгенге дейін жарты жылдай уақыт қана кездесіп жүрген. Оның үстіне олар ешкімге тіс жармастан барып заңды некеге отырған.

Жігіт үшін бұл бірінші неке болса, Айнұр Нұрсейітова бұған дейін екі мәрте қалындық рөлінде болып көрген. Арудың алғашқы некесінен ұлы да бар. Алайда, бұл жағдайлырдың бірі де ғашықтардың қосылуына еш кедергі болмаса керек.

Дегенмен, аталмыш жайттарға орай бұл некеге жас жұбайлардың ең жақын адамдары қарсы болған.

"Жұбайымның ата-анасы біздің үйленгенімізге түбегейлі қарсы болды. Мен оларға түсіністікпен қараймын. Бәрі аяқ астынан, олар үшін күтпеген тосын-сый болды. Алайда, бүгінгі күні қарым-қатынасымыз жақсы. Бастапқыда қарсылық тынтқанымен, кейіннен көніп мені қабылдады" , - деді танымал блогер.

Бүгінгі күні Айнұр Нұрсейітова бақытты күндерінің бірін басынан өткеріп жатқанын айтады. Ерлі-зайыптылар арудың алғашқы некесіндегі ұлы мен қатар өз ортақ қызын тәрбиелеп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1755898-ajnr-nrsejitova-kjeuimni-ata-anasy-bizdi-nekege-tbegejli-karsy-boldy/