"Қалаулымға" махаббатын іздеп келген 81 жастағы қария жұртты таңырқатты (видео
Жарияланған күні:
"Қалаулым" бағдарламасының қатысушысына үміткер ретінде өз әкесімен жасты қария келіп, онымен жұп болуға ниетті екенін жеткізді. Алайда, 81 жастағы қарттың жұбына қояр қатаң талабы бар болып шықты. Ол сүйіктісін балаларымен қабылдамайтынын ашық айтқан деп жазады NUR.KZ.
Анықталғандай, қария 2008 жылы жұбайынан айырылып қалған. Ол әйелінің қазасынан кейін өзіне сай ешкімді кездестірмегінін алға тартты. Тек бір жыл бұрын қария өзбекстандық келіншекпен бас қосқан. Алайда, оның жөзекшелікпен айналысатынын біле сала онымен арақатынасты тоқтатқан.
Бүгінде белсенді түрде махаббатын іздестіріп жүрген қарт бағын "Қалаулымда" сынап көруге бел буған екен. Ол Жанна есімді қатысушыға үміткер болып келді. Өзінің қызындай болатын арумен жұптаспақ болған 81 жастағы қария көпшілікті таңғалдырды.
Оған қоса, сүйіктісін іздеп келген атаның талғамы да биік болып шыққан. Оның арманындағы арудың бойы 170 сантиметр, салмағы болса өз сүйегіне сай болу керек екен.
Алайда қария өзі іздеп келген үміткерден бас тартқан. Оған Жаннаның үш баласының болуы екен. Атай оларды бірге қабылдауға дайын еместігін жеткізген.
81 жастағы қарттың сөзінше, оның 42 немересі мен 35 шөбересі бар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1758785-kalaulymga-mahabbatyn-izdep-kelgen-81-zastagy-karia-zrtty-tayrkatty-video/