Айқын Жұлдызға өзінен аяғы ауыр болғандықтан үйленгенін мойындады (видео)
Жарияланған күні:
Белгілі әнші Айқын Төлепбергеннің жеке өміріне қатысты шулы мәселе тоқталатын емес. Ол отандық бағдарламалардың біріне желіде тарап кеткен "Жұлдызды ұзату тойынан алып кеткен" видеосына қатысты пікір білдірді деп хабарлайды NUR.KZ.
"Мақпал мекен" бағдарламасына қонаққа келген әншінің сұхбаты желіде тарап кеткен. Онда бағдарлама жүргізушісі Айқыннан "Жұлдызды ұзату тойдан көтеріп алып кетіп бара жатқан видео шын видео ғой, сендер басында оны киноға түсіп жатырмыз деп едіңдер..." деп сұрайды.
Айқын аталмыш сұраққа:
"Шын видео. Құрсағында менің балам жатыр, әке-шешесінің алдынан барып өтуім керек еді ғой? Құдаларды таныстыру керек болды. Құдалықтан әкетіп бара жатқанда, тамада видеоға түсірген екен. Сосын ол досына жіберген, ол досы тағы біреуге жіберген.
Осылайша, таңертең тұрсам, бүкіл ел біліп алыпты. Содан PR менеджеріме хабарласып, не істейін деп ақылдастым. Ол жаңағыдай жазып көр, сол дұрыс болатын шығар деді. Ол кезде киноға түсіп жаттым, уақытым мүлде болмады. Сол себепті солай айтуға тура келді", - деді әнші.
Сонымен бірге, ол осы жағдайға қатысты ата-анасының қандай пікірде болғанын да айтты. Сұхбат барысында эстрада жұлдызы, тіпті көз жасына ерік берді.
"Әке-шешем әрине басында ренжіді. Әсіресе анам. Ол кісі қатты жылады, бірақ мен ешкім ешқайды кетпейтінін айттым. Күнде көріп жүрсеңдер отбасымды, бәрі солай қалатынын айттым. Әке-шешем туралы сөз сөйлегенде, көңілім босап кетеді",-деп көзіне жас алды әнші.
Алайда желі қолданушылары әншінің аталған жауаптары ұнамаған сыңайлы. Олар "Анаңды жылатуға қалай дәтің барды?", "Ата-анаңа қиянат жасама" деген пікірлерін жаудырып жатыр.
Айқын Төлепбергеннің әндерін MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1759010-ajkyn-zldyzga-zinen-aagy-auyr-bolgandyktan-jlengenin-mojyndady-video/