Арман Сқабылұлы "фильм түсіргіш" жұлдыздарды сынап тастады
Опубликовано:
Елімізге танымал журналист, продюсер Арман Сқабылұлы жаппай фильм түсіруге көшкен өнер иелерін қатаң сынға алды деп жазады "Астана" арнасының "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.
![Төреғали, Арман Сқабылұлы, Ерке Есмахан.Фото:time.kz, Qamshy.kz, "Махаббат кафесі" клипінен. Коллаж: NUR.KZ Төреғали, Арман Сқабылұлы, Ерке Есмахан.Фото:time.kz, Qamshy.kz, "Махаббат кафесі" клипінен. Коллаж: NUR.KZ](https://cdn.nur.kz/images/1120/pogudx7409mmbq9f7.jpeg)
Тележурналист отандық әншілер түсірген бірнеше фильмді тамашалағанымен, көңілінен шықпағанын жеткізді.
"Қазір ақшасы бар адамдардың барлығы кино түсіруге құмар болып кетті. Бұл жерде "Халыққа бірнәрсе берейін", "Жұрт тәлім-тәрбие алсын" деген ой жоқ.
Әрқайсысында өзін-өзі таныту, ақша табу деген ой тұр.
Бір екі фильмді көрдім. Шынын айтқанда, кино деуге тұрмайтын дүниелер", - деген Арман Сқабылұлы көрермендердің талғамы төмендегенін жасырмады.
"Мені бір қынжылтатыны сол фильмге баратын көрермен көп. Көрермен талғамы, мәдениеті дегенді құртып алдық", - деп ағынан жарылды журналист.
Айта кетейік, Арман Сқабылұлы осыған дейін отандық бағдарлама жүргізушілеріне балағат сөздерін жаудырған Ерке Есмаханды сөгіп тастаған болатын.
Сондай-ақ, тележурналист шектен шыққан өнер иелерінің әрекеттеріне қарсы екенін ашық айтты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1764264-arman-skabylly-film-tsirgis-zldyzdardy-synap-tastady/