Төртінші рет ұлды болған Тоқтар Серіков Бейбітке Астанадан бес бөлмелі үй сыйламақ
Жарияланған күні:
Туған күнінде төртінші рет ұлды болған Тоқтар Серіков жұбайы Бейбіт Сейдуәлиеваға Астана қаласынан бес бөлмелі пәтер алып бермек. Бұл туралы 31 арнаның "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Әншінің айтуынша, әйелінің босанатын сәтінде өзі жанында болып, кенже ұлын бірінші бауырына басқан.
"Бейбітті әр баламды дүниеге алып келгенде де сыйлықсыз қалдырмағанмын. Бұл жолы ерекше сыйлық жасайтын шығармын. Астанадан бес бөлмелі пәтер алып беремін. Балалармен қыдырып жүрсін. Астына бір жаңа көлік алып беремін. Мақтанғандай болсам, Құдай өзі кешірсін. Бейбіттің бір қасиетін жақсы көремін. Сыйлықты аса жақсы көрмейді. "Оданда балаларға жұмса" деп айтады", - деген Тоқтар Серіков ағынан жарылды.
Сондай-ақ Тоқтар Серіков әйелінің жанарынан бір тамшы жас шыққанында қаламайтыны жеткізді.
"Маған сәбилер сыйлаған соң, оны да сыйлықсыз қалдырмауым керек. Бірақ ең бастысы балаларымның алдында әкелік парызымды адалынан ақтасам, оның көзінен бір тамшы жас жерге түсірмесем ол Алладан да, менен де жасалған сыйлық", - дейді әнші.
Естеріңізге сала кетейік, Тоқтар Серіковтің туған күнінде дүниеге келген кенже ұлына Шаһнұр деп есім қойған.
Сондай-ақ әнші жұбайын перзентханадан гүл шоғымен шығарып алды.
Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуәлиеваның әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/1765461-trtinsi-ret-ldy-bolgan-toktar-serikov-bejbitke-astanadan-bes-blmeli-j-syjlamak/
Жарияланымға реакцияңыз?
Соңғы пікірлер
Барлық пікір саны: 9
Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.
бұл деген "мен тоқал аламын, сол кезде өз отауың болсын" деген сөз, онан басқа бас- басына үй неге керек? ерлі- зайыпты адамдар бір шаңырақта қартаймай ма? Ақшасы көп еркекке тәуелді болсаң сол, онан да өзіңнің аз болса да аллам берген мапақасынан болсын. Байлығымен мақтанған адамның бет пердесі түзу болмайды емес пе?
меруерт85
Когжал, олай да комек берип жаткан шыгар, кайдан билесин. Садаканы, кайырымдылыкты жария кылмай истеген дурыс дейди гой. Ал жалпы ойын оте дурыс. Сен солай истейтин шыгарсын? Жок болса Кудай соган жеткизсин сени
Norys
астанадан үй алып бердің дейік сонда Бейбітің астанада өзің алматыда тұрасыңба қолыңда бар болса неге садақа істеп кем жетімдерге қол ушын бермеске соны ойлап көргін
Көгжал
Жастар өсіңдер, өніңдер. Қазақ көп болсын.
Көгжал
Жастардың көп балалы болғанына қуанамын, бұл аса қажет дүние, қазақ үшін ауадай қажет.
Көгжал
Қазақ көбейсін, өссін, өнсін.
Көгжал
Сәбилі болған жақсы ғой, тамаша жаңалық. Бауы берік болсын.
Көгжал
Сенде бала туып жатса, Кудайга мында бир рахмет, бизде куаныштымыз. Бирак Алланын жазуыма, алде баскада себептерменбе, кунде бир жаман ауырумен наукастанып калган балага комек кажет болып жатады. Уй сатып апергенин жонди-ак, балаларына калады гой, бирак колик аперетин каражатынды бир баланы емдеуге арналган корына кисан кайтеди. Жазылып кетип, алгыстарын айтып, сен ушин Кудайдан алгыс сурап отырады гой.
Birtus
Сенде бала туып жатса, Кудайга мында бир рахмет, бизде куаныштымыз. Бирак Алланын жазуыма, алде баскада себептерменбе, кунде бир жаман ауырумен наукастанып калган балага комек кажет болып жатады. Уй сатып апергенин жонди-ак, балаларына калады гой, бирак колик аперетин каражатынды бир баланы емдеуге арналган корына кисан кайтеди. Жазылып кетип, алгыстарын айтып, сен ушин Кудайдан алгыс сурап отырады гой.
svetlana