Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

500 теңге: Мөлдір Әуелбекованың концертінде билеттер неге арзан болған?

Опубликовано:

Жақында ғана халық алдында есеп беру кешін өткізген Мөлдір Әуелбекованың концертіне билеттер 500 теңгеден сатылған. Әншінің мұндай әрекетке баруына не себеп болды? Бұл сұраққа "Гу-гу-лет" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ жауап береді.

Әуелбекова 1 желтоқсан күні Астанада ұйымдастырған концертіне билеттерді арзан бағада сатып, жұртты таң қалдырған.

Әншінің кешінде залдағы орындардың бағалары 500 теңгеден басталып, 3000 теңгемен аяқталыпты.

"КешYou"-дің экс мүшесі бұл әрекетін халық қамын ойлаумен түсіндірді. Одан бөлек, әншінің концертіне өзі қызмет істейтін "Қазақконцерт" ұйымы демеушілік жасапты.

Содан болса керек, әнші қаржы жағына келгенде қатты алаңдамаған екен.

"Мен өзім мемлекеттік қызметтемін. Біріншіден, концертім де сол ұйымның қолдауымен болып жатыр. Екіншіден, ерекшелігі де сол шығар, баға өте тиімді.

Мен өзім алғаш рет концерт беріп жатқаннан кейін Instagram желісінде маған көп пікір жазады.

Олар концерт болғанда билеттердің өте қымбат болатынын жеткізді, бағаны арзандату туралы да өтініштер айтты. Әр отбасында жағдай әр түрлі.

Менің қарапайым көрермендерім бар. Сол себепті, ең қымбат билет - 3000 теңге, ең арзаны - 500 теңге болды", - деді әнші.

15 жылда халықтың сүйіктісіне айналған Мөлдірдің бүгінде өнер жұлдыздарының арасында да беделі бар. Оны Мөлдірдің бір ауыз сөзін жерге тастамай, бір тиын да алмай ән айтып берген Мейрамбек Беспаевтың әрекетінен-ақ аңғаруға болатындай.

"Мейрамбек аға өнерде де, өмірде де ағам болып келеді. Сол себепті, Мейрамбек ағаны шақырған кезде "Мөлдір, сенің бір ауыз сөзің ғой" ,- деді. Ол мені қатты қуантты. Керек тұсында маған ақылын да айтып отырды. Ағама ризамын",- деді Әуелбекова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1767720-500-tege-mldir-uelbekovany-koncertinde-biletter-nege-arzan-bolgan/

pixel