Белгілі нумеролог Айқын мен Жұлдыздың қарым-қатынасына болжам жасады
Опубликовано:
Белгілі нумеролог Клара Күзденбаева 2018 жылы шаңырақ көтерген Айқын Төлепберген мен "Кеш You" тобының экс-мүшесі Жұлдыз Өмірғалидің неге көңіл қосқаны туралы айтты. Бұл туралы ол Еуразия бірінші арнасында мәлімдеді.
![Фото: Instagram/klarakuzdenbayeva, zen.yandex.ru Фото: Instagram/klarakuzdenbayeva, zen.yandex.ru](https://cdn.nur.kz/images/1120/b97c087df9c5a5ea.jpeg)
Күзденбаева жұртты шулатып, ел назарына іліккен жұлдызды жұптың сандары сәйкес келетінін, сол үшін олар бір-біріне тартылып тұратынын жеткізді.
"Мәссаған, қараңызшы. Оларда сандар сәйкестігі байқалады. Он және он. Екеуі де бір күні туған. Яғни, олар бір-біріне тартылып тұрады деген сөз. Алайда, менің айтатыным, екеуі де өте қатты қызғаншақ. Содан тезірек арылып, шыдамды болғандары жөн. Энергиялары да тасып тұрады екен. Бірақ, қуантарлығы қарым-қатынаста бір-бірімен тең", - деді ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1768614-belgili-numerolog-ajkyn-men-zldyzdy-karym-katynasyna-bolzam-zasady/