Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Лайықпын": Үлкен марапатқа ие болған Әлішер Кәрімов өзін сынағандарға жауап берді

Жарияланған күні:

Әнші Әлішер Кәрімов жуырда "Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері" атанды. Бұл марапатқа әлі ерте немесе лайықсыз деген пікірлер де ел арасында жүр. Оған қатысты әнші өз ойын NUR.KZ тілшісіне ашып айтты.

Фото: Wikipedia
Фото: Wikipedia: Facebook

16 желтоқсан Алматыдағы үлкен мейрамханалардың бірінде әнші өзінің үлкен жеңісін тойлау үшін өнердегі және өмірдегі достарының басын біріктірді. Салтанатты кешке 100-ге жуық қонақ шақырылған. Олардың арасында Әлішердің қуанышын алғаш болып естіген оның туыстары екен.

"Менімен бірге күйеу балам мен қарындасым тұрады. Ең әуелі солар естіді. Одан соң ата-анама телефон арқылы хабарладым. Олар демалыста болған еді. Қатты қуанды. Демалыстары бұл хабардан соң одан да жақсы өтті. Өзім де бала сияқты қуандым. Бұл үлкен қуаныш деп ойлаймын. Бұл атақты қашан алады екенмін" деп жыл сайын күтіп жүрген едім.
Әрине, бұл атақ үшін жұмыс істеген жоқпын. Біріншіден - халықтың көңілінен шығу, екіншіден – халыққа әндерім әрдайым керек болса екен деп еңбектендім. Сол халықтың арқасында "Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері" атандым", -деді ол.

Әрине, Әлішер орденді әніне деген халықтың сұранысынан, қызығушылығанан кейін алып отыр. Алайда, ғаламтордан әншінің бұл марапатқа әлі лайықсыз екенін айтатын адамдар да табылған. Ал, ондай теріс жазбаларды әнші тіпті, назарға да алмайды екен.

"Мен ондай жаман пікірлерді өз парақшамнан көрген жоқпын. Мүмкін басқа жаққа жазған шығар. Мен позитивпен жүретін адаммын. Негативке көңіл бөлмеймін. Сондықтан, менің өмірімде бәрі жақсы. Он бес жылдан бері концерттерде әрқашан аншлаг, бес күйтабақ шығарып, бірнеше рет Республикалық гостроль жасадым.
Халық әндерімді сүйіп тыңдайды. Егер, бұл атаққа мені лайықты көрсе солай болғаны. Мен он бес жылдық еңбекпен "Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткеріне" лайықтымын деп ойлаймын. Жаман жазатын, ойлайтын адамдарға айтарым позитивпен өмір сүріңіздер. Көп жақсылыққа жетесіздер", -дейді Кәрімов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1768947-lajykpyn-lken-marapatka-ie-bolgan-liser-krimov-zin-synagandarga-zauap-berdi/