Әншілерден жақсы әйел шықпайтынын айтқан Кентал әріптестеріне ұнамай қалды
Жарияланған күні:
"Шоу-бизнес" қыздарынан жақсы әйел шықпайтынын" айтқан Кенталға әріптестері қарсы шықты деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.
2019 жылы үйленуге ниетті Кентал болашақ жарын басқа саладан іздеген. Алайда әншінің бұл сөзіне жүрегіне жақын қабылдап, өнер иелері өз қарсылығын білдірген.
Он жылдық үзілістен кейін күйеуінің рұқсатымен сахнаға оралған Зарина Омарова өнерді тұншықтыруға болмайды деген пікірде.
"Кентал өте қатты қателеседі. Олай ойлауға болмайды. Жеке басыма қатысты айтатын болсам, мен он жыл үйде отырдым. Өнерден бас тартып, балапандарымды аяққа тұрғызуды, жолдасымның кәсіби өсуіне қолдау көрсетуді мақсат еттім. Тек он жылдан соң күйеуімнің рұқсатымен, ұсынысымен қайта сахнаға оралдым.
Жолдасым менің сахнаға шықпай тұншығып жүргенімді көрді, сезді. Сондықтан қолдады. Кез-келген әйел адам отбасы үшін бәрін жасайды. Тек араларында шынайы махаббат пен сыйластық болса жеткілікті. Ал, Кенталдың көпке топырақ шашқаны болмады", - деді Зарина Омар.
Кенталды қолдамағандар қатарында Бүркіт те бар.
"Қап, Кенталдың ойының сондай екенін білген кезде фильмге түсірмейтін едім. Әзіл ғой. Әркімнің өз ойы бар ғой. Аллаға шүкір, Аиша керемет ана, жар, келін. Жүрген жерінде сәлемін салып, үлкендерді сыйлап жүреді. Балаларға да қарап, өнерге де көңіл бөлуге үлгереді. Бірақ, өнерге қатысты барлық проблеманы мен шешіп қоямын. Оған тек 10-15% жұмыс қалдырамын ғой. Сондықтан, 100% отбасына көңіл бөліп жүр", - деп сырын айтты Бүркіт.
Отбасы мен өнерді әдемі үйлесімділікте ұстап отырған Ысқақоваға Кенталдың көпке топырақ шашқаны ұнамаған.
"Кентал солай айтса, өзі біледі. Бірақ, енді көпке топырақ шашуға болмайды. Өнер мен жеке өмірді үйлестіріп жүрген өнерпаздар аз емес. Бірақ, иә соңғы кездері жас қыздар тез ажырасып кетіп жүр. Білмеймін, мінездері үйлеспей жатады. Басқа дейді. Біздің кезімізде ажырасу ұят еді. Қазір қалыпты жағдай болып қалды ғой. Соған байланысты айтқан шығар. Әйтпесе, өнерде жүрген отбасының ұйытқысы болып жүрген аруларымыз көп қой", - деп өз ойын айтты Жеңіс Ысқақова.
Жолдасы өзіне емес, ең әуелі өнеріне ғашық болған Гүлнұр Оразымбетова да әйелдің жаман ниеті болса тоқтату мүмкін еместігін айтып назданды.
"Өнердегі әйелдердің расында әндерін, өнерін қабылдау оңай болса да, өмірлік жары ретінде қабылдау қиынырақ. Тек өнерді түсінетін адамдар ғана сондай шешімді қабылдай алады деп ойлаймын. Өзіме ғана қатысты дүниені алатын болсам,жолдасым менің өнеріме ғашық, менің әнімді ұнатып сүйді, қалады. Мені өзіне жар етіп алды.
Мен ол кісінің сенімінен ешқашан да шыққым келмейді. Жаман дүние жасаймын дейтін адам қай салада болмасын өзінің ойын жасайды. Ең бастысы, әйелдің ар-ұяты биік болуы керек. Отбасының тірегін мықты ететін дүние – ерлі-зайыптылардың арасындағы үлкен сенім. Сенім бар жерде тосыннан жасалған қателіктер кешіріледі, отбасының іргесі мықты болады", - дейді Гүлнұр Оразымбетова.
Алайда, қолдаушы әріптестері де табылды.
Кенталдың сөзінің жаны бар екенін қазақтың қара баласы Керменбаев растады.
"Негізі менде өмірлік жарымды өнерден тыс саладан іздедім. Себебі, маған сахнада жүретін емес, үйде анама, балаларыма бас-көз болып, иманын толтықтырып, тілеуімді тілейтін адал жар керек болды. Алайда, барлық қыз-келіншектер өнердегі әйел бола алмайды деп айту қателік болады.
Мысалы, менің өнердегі әріптесім Салтанат Бақаеваны алып көріңіздерші. Үш баланың анасы, ата-енеге қызмет етіп жүрген келін, аттасымның сүйіктісі, өнерде де бағы жанып тұр. Сондықтан, бәрі тәрбиеге байланысты. Сосын еркектің қабылдауына байланысты деп ойлаймын. Негізі бір үйге бір әнші жетеді ғой", - дейді Керменбаев.
Нұржанның құдай қосқан көршісі Ғаділбек те әйел адамның үйде отыруында береке бар дейді:
"Бірдеңе деп айта алмаймын. Бірақ, "әйелін қызбағанбаған еркек доңызбен тең" деген дінімізде хадис бар. Ал, кез-келген әйелін қызғанатын еркек жұбайын сахнаға шығарып немесе жалғыз гострольге жібере алмайды деп ойлаймын. Енді отбасылық дуэт болса, басқа мәселе ғой. Мысалы, Бүркіт пен Аиша, Мирас пен Құралай секілді отбасылық жұптар көп қой. Үйлесімді әрі бәрі де үлгілі отбасы", - деді Кенталды қолдаған Ғаділбек Жаңай.
Естеріңізге сала кетейік, әншілердің әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1769161-nsilerden-zaksy-jel-sykpajtynyn-ajtkan-kental-riptesterine-namaj-kaldy/