Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мөлдір Әуелбекова "Жыл таңдауында" өзіне жүлде бермегендерді орнына қойды

Жарияланған күні:

Мөлдір Әуелбекова биыл не себепті "Жыл таңдауына" қатыспағанын ашып айтты деп жазады "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Эстрада жұлдызы жыл сайын жүлде бермейтін байқауда өнер көрсеткісі келмейтінін жеткізді.

"Шынымды айтсам, массовка болғым келмейді. Жыл сайын барып, ешқандай маған жүлде берілмейді, ешқандай еңбегім бағаланбайды. Мен қанша рет ол жерде жанды дауыста айтсам да, көз алдымда фонограммамен айтып кетіп жатқан әншілерге беріп жатады марапатты.
Мұнымен келіспеймін. Сол себепті менің қаншама жылдық еңбегім бағаланбай жатқан жерге, мен баруға міндетті емеспін" , - дейді әнші.

Айта кетейік, бұған дейін әнші Әбдіжапар Әлқожа да аталмыш байқауға өкпесін жеткізген еді.

Естеріңізге сала кетейік, Мөлдір Әуелбекованың әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1769347-mldir-uelbekova-zyl-tadauynda-zine-zlde-bermegenderdi-ornyna-kojdy/