Мырзахан Махановтың әйелімен ажырасып кеткені рас па?
Жарияланған күні:
"Жігіттер" квартетінің әншісі Мырзахан Махановтың отбасылық өмірінде өзгеріс орын алған көрінеді. Ел арасында эстрада жұлдызының ажырасып кеткені жөнінде қауесет тарады деп жазады 31 арнадағы "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Әншінің жарымен ажырасып кеткені жөнінде "Жігіттер" квартетінің продюсері пікір білдірді. Ерғали Әбдірайымов көпшілік арасында қызу талқыланып жатқан мәселеге қатысты бар шындықты айтты.
"Әзірше білмеймін нақты ажырасқанын. Жас бала емес, кеше үйленген жігіт емес. Сол себепті, әркімнің отбасы өзіне. Отбасылық мәселелерін мен емес, өздері шешеді. Жастары болса 30-дан асты" , - деді продюсер.
Мырзахан Махановтың жарымен айырылысып кеткені жөніндегі қауесет, әнші әйелінің танымал квартеттің 15 жылдық концертіне келмегенінен кейін жандана түсті.
"Оның әйелі келген-келмегенін білмейді екенмін. Жанұя болғаннан кейін, келіспеушіліктер болып тұрады. Мүмкін сол кездерде ұрысып қалған шығар. Ренжіспейтін жұп жоқ, артынан татуласып та жатады ғой. Сол себепті бәрі уақытша. Мен болсам, олардың жанұялық жұмыстарына араласпаймын" , - деп қайырды Ерғали Әбдірайымов.
Естеріңізге сала кетейік, "Жігіттер" квартетінің әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1769601-myrzahan-mahanovty-jelimen-azyrasyp-ketkeni-ras-pa/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.