Меруерт Түсіпбаева өзін Баянға қарсы қойған танымал журналисті сотқа бермек
Жарияланған күні:
Меруерт Түсіпбаева "сырға салу" рәсіміне ішін ашып келген Айсәуле Бақытбекке қатысты керағар пікір білдірмегенін айтты. Әнші берген сұхбатын монтаждап әрі сөзін бұрмалап тастаған танымал журналист Анна Данченконы сотқа бермекші деп жазады NUR.KZ.
Бұл туралы эстрада жұлдызы Instagram желісінде хабарлады.
Өз сұхбатын желіден көрген Түсіпбаева ашуға бой алдырып, жалған ақпарат таратқан белгілі журналистің жер-жебіріне жеткен. Әнші өзін Айсәуле Бақытбекті сынағандай етіп көрсеткен Анна Данченконың масқарасын шығарып, ел алдында өзінен кешірім сұрауын талап етті.
Шоу-бизнес жұлдызы танымал журналистің қу айла тәсілін сынға алып, оны аяусыз сөгіп тастады. Әнші өзі берген сұхбаттың әдейі монтаждалып, сөзінің мүлде бұрмаланып кеткенін жеткізді.
Айтуынша, қазақ қыздарының ашық-шашық киінуі жөнінде сұрақ қойған Анна оны эфирге Айсәуле Бақытбекті жамандағандай етіп шығарған. Журналиске өкпесі қара қазандай болған әртіс енді онымен сотта кездеспекші.
"Аня-көршім деп жүрсем... "Орыс досың болса, жаныңда айбалта болсын" демекші, сеніп жүрсем... Мені ұятқа қалдырды. Мен желіде ешкімге жазылмағанмын. Теледидар қарамаймын. Кімнің не киіп, не ішкенінде шаруам жоқ. Біреудің инстасын ақтарып , өміріне қызықпаймын. Маған қойған сұрағы "Жалпы қазақ қыздарының салт-дәстүрді ұстанбауы" болды. Таң қалып, "кім солай киінді?" дегенімде "жалпы жастар бар" деп жауап берген.
Менен "тойында, өз қуанышында жалпы шалбар киген", "ішін ашқан қыздарға көзқарасыңыз" деп сұрады. Сұрақ мүлдем, нақты белгілі адамдар жайында болған емес. Аннаның бұл қылығына таңғалып тұрмын. Монтаждап, кесіп, сұрақты Айсаулеге бұрып, тағы бір соғысты күтіп отыр. Мен бұл отбасыға қатысты сұрақтардан мүлде аулақ жүретін адаммын. Айтып кетейін, келіспеушілік пен менің пікірім тек қана сериалға қатысты болған. Қалғанына қатысты шаруам жоқ.
Сорлы аңқау қазақ "қазақша сөйледі" деп-микрофон бердік. Мен Россияға барсам, (тым жақсы орысшам бар) маған сондай тақ (бақ) бере ме? Аннаның Whatsapp-ына xат жаздым. Адвокатыма звондадым. Анна кешірім сұрамаса, сотқа беремін", - деп жазды әнші.
Меруерт Түсіпбаева өзінің қоңырауына жауап бермей қойған Анна Данченкоға желі арқылы үндеу жасады.
"Анна, менімен ойнапсың. Көпшілік алдында кешірім сұра! Баян, Айсәуле - деген есімді менің сұxбатымнан тауып көр. Мен дәлелдеймін. Анна тұтқаңды көтер. Адвокатым іздеп отыр сені", - деді Түсіпбаева.
Еске сала кетейік, Меруерт Түсіпбаеваның әндерін біздің"Музыка Нур"қосымшасынан тыңдай аласыздар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1770574-meruert-tsipbaeva-zin-baanga-karsy-kojgan-tanymal-zurnalisti-sotka-bermek/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.