Белгілі журналист төсін ашқан арудың елден қуылуын талап етті
Жарияланған күні:
Бибігүл Дәулетбекқызы желіде төсін жалаңаштап танылған аруға жаза қолдануды талап етуде. Танымал журналист сәукеле киіп, ел алдында шешінген арудың елден кеткенін қалайды деп жазады NUR.KZ.
Журналист өзінің Instagram парақшасына қызу талқыға түскен жалаңаштанған қызға қатысты жазба қалдырған. Атышулы арудың соңғы жүктеген видеосы журналистің ашуына тисе керек, ол Ішкі істер министрі мен Бас прокурорға үндеу жолдаған.
"Мына масқараны тоқтатайық, халайық! Қазақстан Ішкі Істер Бөлімінің Министрі Қалмұқанбет Қасымов, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Қожамжаров Қайрат: Сіздерден мына сұмдықты тоқтатуларыңызды сұраймын!
Осы қыздың Қазағымның сәукелесімен елімізді қорлап тыржалаңаш шыққанын кеше көріп едік (мен ұялып ол суретті шығармадым), енді бүгін мына бейнежазбасымен бүкіл халықты жер етуде. Бұл - қазақтың қызы емес.
Әдейі ұлтараздықты тудырып отырған біреу. Шұғыл түрде жаза қолдануларыңызды талап етемін! Ұлттық құндылығымызды қаралағаны үшін қатаң заңмен жазаланып, елден қуылсын" , - деп жазды журналист.
Бибігүл Дәулетбекқызының бұл мәлімдемесіне желі оқырмандарының көпшілігі қосылды. Олар да ерсі қылық көрсетіп жүрген қызға шара қолдануды құптайтынын айтты.
Айта кетейік, бұған дейін сәукеле киіп, шешінген қазақ қызы халықтың ызасын тудырған болатын. Өзіне жаудырылған кері пікірлер салдарынан ару қоқан-лоққыға тап болып, желіге жылаған видеосын жүктеді.
Ал бүгін бойжеткен көптің күткен "кешірім видеосын" жүктеп, елді одан бетер ашуландырды. Ол бейнежазба басында елден кешірім сұрағандай болып, артынан әзілдеп тұрғанын айтты. Желідегілер арудың өзін мазақ қылып отырғанын жазып, оған кері пікірді жаудырды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1770806-belgili-zurnalist-tsin-askan-arudy-elden-kuyluyn-talap-etti/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.