jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Қазақ қызы "Қалаулымға" келген кәріс жігітімен кездесуден бас тартты

    : Facebook

    Атышулы "Қалаулым" бағдарламасының қатысушысы Айя өзіне Оңтүстік Кореядан арнайы келген үміткердің сөзін қабыл алмады. Қазақ қызы шетелдік азаматпен дос болып қалуды жөн көрген. Жобаның бұл шығарылымы көрерменге Youtube арнасындағы тікелей эфирде жол тартты деп хабарлайды NUR.KZ.

    Фото: Видеодан кадр
    Фото: Видеодан кадр: Facebook

    Қазақ қыздарының сұлулығына тамсанып, алыстан ат терлетіп келген 40 жастағы оңтүстік кореялық азамат күні кеше Айямен жеке кездесу өткізді.

    Чу Чан Хо мен "Қалаулым" қатысушысы ұлттық тағамдар ұсынылатын мейрамханаға барып, қазақ халқының тағамдарынан дәм татқан.

    Жоба үміткері Айя үшін бәріне де дайын екенін жеткізді.

    Алайда 20 жастағы қазақ қызы Оңтүстік Кореядан келген азаматтың сөзін қабыл алған жоқ.

    "Мен үшін халқым бірінші орында. Әрине, жаман ұлт болмайды, жаман адамдар болады. Чу мырза өте жақсы адам. Бірақ, біз екі әлемнің, екі мәдениеттің адамымыз. Жас ерекшелігіміз де көп", -деді ол.

    Сонымен қатар, Айя Чу Чан Хоға өз алғысын айтуды ұмытпады.

    "Әрине, мені таңдап, біздің елге келгеніңіз үшін алғыс білдіремін. Бірақ, бір мәселе бар: Ол менің дінімді қабылдауға, менің елімде тұруға дайын бола ма? Себебі, басқа ұлттың, басқа діннің қызын алу өте қиын.
    Ал мен үшін бірінші ата-анамның алғысы маңызды. Менің әкем бір сөзінде немерелерінің басқа елде туғанын қаламайтынын айтқан еді. Сол себепті, жақсы дос болып қалайық. Біздің елдеріміздің де достығы нығая берсін", -деді ол.

    Бұл пікірді қолдаған жоба қатысушылары қазақ қызына шетелдік азамат сезімін білдірсе, арулар үшін күресетінін түртіп өтті.

    Олар оңтүстік кореялық азаматқа көзілдірік пен домбыра сыйлады.

    Қазақ қызы "Қалаулымға" келген кәріс жігітімен кездесуден бас тартты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.