Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жасырын махаббат": Оразымбетова 21 жас үлкен күйеуімен қалай бас қосқан?

Жарияланған күні:

Гүлнұр Оразымбетова өзінен 21 жас үлкен азаматқа қалай тұрмысқа шыққанын айтып берді. Әнші 19 жасында отбасылы адамға қалай ғашық болғанын жасырмай жайып салды деп хабарлайды "Астана" арнасындағы "Мақпал мекен" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Гүлнұр Оразымбетова. Фото: kyn.kz
Гүлнұр Оразымбетова. Фото: kyn.kz: Instagram

Әнші өзінің жұбайы Серікбай Нұрғисаевқа тұрмысқа шығу, балалы болу жоспарында болмағанын айтты.

"Ол кезде 19-20 жас. Балалық кезім. Бір көргеннен ғашық болып, жүрегімнен шықпайтындай орын алды. Ол кезде мен материалдық жағдайды ойлайтын жаста емеспін. Әлі бала болатынмын. Ол кісі менің ақ, таза махаббатымды дөп сезе білді. Содан кейін оны менің өнерім баурады. Кейде айтып жатамын ғой "өнеріме ғашық болды" деп. Бірақ олай емес. Ол менің өнерімнен бұрын "балалық тазалығыма" ғашық болды деп ойлаймын. Сол жауапкершілікті азамат ретінде мойнына ала білді. Әлі күнге жауапкершілік арқалап келе жатыр", - деді әнші.
"Өмірге бала келеді, біз заңды некеге тұрамыз" деп ойламадым. Бірінші күннен бастап мен олай ойлаған емеспін. Бірақ, солай болды. Ол менің қалауым деп айта алмаймын. Ол кісінің өз отбасы болды. Ол бөлек әңгіме. Бірақ енді... Өзі солай... Алла Тағала алып келген сияқты. Екі адам оқиғаға себепкер болмайды. Біраз адамдардың себебінен осылай болды.
Бұл жерде менімен жолдасымның ғана шешімі болған жоқ. Мен ол кісіні "менімен бір шаңырақ астында тұруға шешім қабылдайды" деп үш ұйықтасам түсіме кірген жоқ. Болған оқиғалар өзі соған алып келді. Бірақ мен өзімді кінәлай алмаймын", - деді Гүлнұр Оразымбетова.

Бағдарлама барысында тележүргізуші Мақпал Қаратай әншіге "Үнемі қорқып тұратын сияқтысың? Сенің бойыңда қорқыныш көп секілді", - деп сауал тастаған.

Ал әнші бастапқыда сұраққа жауап таба алмай қалған. Артынша бұл қорқыныштың жұбайына қатысы бар екенін баяндады.

"Менің бойымдағы қорқыныш - жолдасым екеуміздің арамыздағы жас айырмашылығына байланысты болуы мүмкін. Кейде "бір жастықта қартайыңдар", "Өмірлеріңнің соңына дейін бірге болыңдар" деген тілек айтылғанда қорқамын. Ол кісі мен қартайғанша қасымда болса деймін. Ол қорқыныш жыл өткен сайын үдеуде. "Ол кісісіз қалай өмір сүрем?" деп ойлаймын. Бір жері ауырса, асқынып кетпеуіне шара қолданамын", - деді Гүлнұр Оразымбетова.

Естеріңізге сала кетейік, Гүлнұр Оразымбетованың әндерін біздің "Музыка Нур" қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1774917-zasyryn-mahabbat-orazymbetova-21-zas-lken-kjeuimen-kalaj-bas-koskan/